Еліміздің ең сұлу аруы ерекше көйлегімен бүкіл әлемді таң қалдырмақшы (фото)
Таиландта өтетін "Ғаламшар Аруы - 2018" байқауына ел намысын қорғайтын Сәбина Әзімбаева ерекше көйлегімен бүкіл әлемді таң қалдырмақшы. Бойжеткен финалға бұрынғы үміткерлер секілді ұлттық киім емес, мемлекеттік рәміз бейнеленген костюммен шығады деп хабарлайды КТК арнасы.
17-ші желтоқсанда Таиланд астанасы - Бангкокта өтететін сұлулық байқауына барын салып дайындалып жатқан ару ерекше костюмде өзін Тұмар патшайым сияқты сезінетінін айтады.
Еліміздің көк туын киім етіп шығаруды дизайнер ойлап тауыпты. Күн мен оның шұғыласы бойжеткеннің арқасына бекітілген. Ал қыздың өзі қыран мен "Алтын Адам" кейпінде.
Бас киімі мен етігіне дейін асыл тастар тігілген Сәбина Әзімбаева сақ жауынгеріне ұқсап қалған.
Бас киімі мен етігіне дейін асыл тастар тігілген Сәбина Әзімбаева сақ жауынгеріне ұқсап қалған.
Сәнгер Камила Бахтың айтуынша, киімдегі тастар қолмен жеке-жеке тігіліп, безендірілген. Әсіресе, бас киімді жасауға ұзақ уақыт кетіпті. Енді костюді ұялмай бүкіл әлемге көрсетуге болады деп отыр.
Айта кетейік, халықаралық байқауда Сәбина Әзімбаева сахнаға бұдан бөлек 27 көйлек киіп шықпақ.
kaz.nur.kz