» » » Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығына арналған концертте өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығына арналған концертте өнер көрсетеді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Астанада өткен пресс-конференцияда концерт жайлы сөз қозғады. Оның айтуы бойынша, Ақтөбенің 150 жылдығына арналған концертте Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

ÐÐ¸Ð¼Ð°Ñ ÒұдайбеÑген

Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, әнші жаңа жылдан бастап қала күніне ұйымластырылған концерттерге қатысады

“Концерттік залдар жағынан проблемалар жоқ. Бізде “Өнер Орталығы” бар. Димаш — біздің мақтанышымыз. Біз оған көмектесіп, қолдау көрсету керекпіз. Жыл сайын Димаш концерт өткізетін болады. Алдыңғы жылы мамыр айында уәде берген. Ол уәдесін орындайды”, — дейді әкім
Димаш Құдайберген қатысатын концерт стадионда немесе орталық алаңда өтеді

“Келесі жылы Ақтөбенің негізі қаланғанына 150 жыл толады. Дайындалып жатырмыз. Міндетті түрде Димаштың қатысуымен концерт ұйымдастырамыз”, — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев

Stan.kz

29 қараша 2018 ж. 803 0