» » » Қарақат: “Жыл таңдауы” концертінде өнер көрсеткен әншілерден жаман әсер алдым

Қарақат: “Жыл таңдауы” концертінде өнер көрсеткен әншілерден жаман әсер алдым

Әнші Қарақат Әбілдина “Жыл таңдауы-2018” концертінен алған әсерін айтты. Әншінің өнерпаздарға көңілі толмады. Ұйымдастырушыларға мін тақты.

“Жыл таңдауына” қатысушы емес, қонақ ретінде бардық. Жарық, дыбы, техникалық жағы керемет жасалған. Бірақ көңілімде бір кірбің ұялады. Сын емес, құлаққағыс, жанашырлық ретінде айтқым келеді. Ұлттық деген сипаты болған соң, сол атқа лайық болса. Сырға тағып, шашын бояп, сызылып ән салған жігіттерді көріп жаман әсерде қалдым. Ертең алаларымыз соларды көріп өсе ме. Әнші ғана емес, ана ретінде де осы ой мазалайды. Қанша жерден жаңа заман болса да, қазақылық қайда қалды? Эстрада неге сонша өзгерген, балаларымыз соларды көріп өсуі керек пе? Ұйымдастырушылар келесіде осыны ескерсе деген тілегім бар”, – деп жазды әнші.
Бұған желі қолданушылары да қолдау білдіріп жатыр.
“Дұрыс айттыңыз, ұлттық сипат жоқ, қазақылығымыз жоғалып барады”, “Сол 91 тобы бәрінен сөз естіп болды. Сыннан еш нәтиже жоқ”, – деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, бұған дейін “Жыл таңдауы-2018” концертінде жүлделі болған әншілер жайлы аз-кем жазған едік.

02 желтоқсан 2018 ж. 1 079 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30