» » Психологтар: еліміздің жастары жаппай кәрістерге ұқсағысы келеді

Психологтар: еліміздің жастары жаппай кәрістерге ұқсағысы келеді

ÐÑиÑологÑаÑ: ÐлÑмÑздÑÒ£ жаÑÑаÑÑ Ð¶Ð°Ð¿Ð¿Ð°Ð¹ кÓÑÑÑ Ð¶Ò±Ð»Ð´ÑздаÑÑна Ò±ÒÑаÒÑÑÑ ÐºÐµÐ»ÐµÐ´Ñ

Психологтар ғасырлар бойы жалғасқан тұлғаны «үлгі тұту» түсінігі арзанқол дүниелерге ойысып керісінше, ата-ана мен ұстазға не ірі тұлғаға еліктеу жағы қалыс қалып барады, деп дабыл қағуда. Кәріс жұлдыздарына ұқсағысы келетін уыздай жасөспірімдердің мұндай еліктеулерінен қоғамға төнер қауіп бар ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Бүгінгі жастардың идеал көретін тұлғаларының бірі 91 тобы. Оған еліктейтін жеткіншектер қатары жетерлік. Олар тіпті «ИГЛЗ» деп аталатын жанкүйерлер армиясын құрып алған. Оның құрамындағы көп жастардың бірі Толғанай. Айтуынша, 91 тобының әні мен әрекеттерінде ешқандай сөкеттік жоқ. Бұл заман талабы деседі.
«Кейбір адамдар қолдамай жатады. Шаштарын бояп, боянып деген сияқты. Бірақ ер балалардың шашын бояп, беттерін әрлегеннен қызға айналмайды деп ойлаймын. Ол ерекшелікті білдіреді. Мысалы, қазақстандық жұлдыздар бәрі бірдей болса, ол бізді жалықтырып жіберетін еді. Сондықтан сондай стильдерін осылай өзгеруі ол біздің назарымызды аудартады» – дейді 91 тобының жанкүйері Толғанай Ибраева.

ÐÑиÑологÑаÑ: ÐлÑмÑздÑÒ£ жаÑÑаÑÑ Ð¶Ð°Ð¿Ð¿Ð°Ð¹ кÓÑÑÑ Ð¶Ò±Ð»Ð´ÑздаÑÑна Ò±ÒÑаÒÑÑÑ ÐºÐµÐ»ÐµÐ´Ñ

Ал бұл seven moons тобы. Кәрістің әндерін қазақ тіліне аударып, кью-поп стилін дамытып жүр. Тек қыздардан құралған топ мүшелерінің жаңашылдыққа жаны құмар. Сөздеріне сенсек, көптің алдына бұлай шығуына бірінші кезекті ата-аналары қолдау білдірген.
«Қарсы болған жоқ. Бірақ менің әжем 91-ді көрген кезде әжем осы балдар қазақ тілін көтереді деп айтқан болатын. Содан кейін мен одан сайын шабыттанып кеттім. Ол ең бірінші патриоттық сезімге әкеледі. Себебі қазақ тілін көтеруге себеп болады. Себебі қазақ тілі қазір төменгі деңгейде» – дейді Seven Moons тобының мүшесі Жарқын.

ÐÑиÑологÑаÑ: ÐлÑмÑздÑÒ£ жаÑÑаÑÑ Ð¶Ð°Ð¿Ð¿Ð°Ð¹ кÓÑÑÑ Ð¶Ò±Ð»Ð´ÑздаÑÑна Ò±ÒÑаÒÑÑÑ ÐºÐµÐ»ÐµÐ´Ñ

Осылайша, мұндай жастар өздерін «дарамыз» десе, аға буын өкілдері мұнымен келіспейді. Әрі еліктеушіліктің бос уақыттан туатындығын айтады. Егер жасөспірім жан-жақты даму үстінде болса, мұның бірі де болмас еді, – дейді.
«Ата-анасы тастап кетеді. Жұмысқа кетіп қалады балаларының не істеп жатқанын білмейді ақырында. Шет мемлекетке елігіп, ақырында шаштарын бояу, қызтеке болу, шаштарына сырға салу, мұрнына сырға салу енді бәрін айтуға қандай адамдардың қатарына қосу керек екенін де білмеймін. Өткенде бір телевизордан айтылып жатыр. Әр адамның өз еркі ғой деп. Онда біздің жас балаларымыз жүрсін сөйтіп, шаш бояп, сырға салып, адами, еркектік қасиетін жоғалтатын болсақ, онда қай жаққа барамыз біз?!» – дейді қала тұрғыны Болатбек Жоланов.
Ал психологтар бұған «өтпелі кезең» ретінде қарайды. Бұл жаңашылдық емес. Еліктеушілік қашан да болған, әрі бола береді. Қазір кәрістерге ұқсағысы келетін толқынның да көп ұзамай буы басылады, деседі.
«Қазіргі маған келетін балалардың жас шамасы 15-19 жас. Көбіне олардың еліктейтіндері корей жас әншілері. Және де қазір байқасаңыз, сол жастағы қыздардың барлығы соларға қатты ұқсайды. Бір индивид қарайтын бір қызды таба алмайсыз. Жасөспірім қызды. Жалпы бұл жерде ананың рөлі мықты болу керек те, егер анасы тура сол, идеал тұлға ретінде еліктеушілігі жоқ, нағыз индивидуалды тұлға ретінде болса, ол бала да сондай болады. Ата-ана ол көбіне айна, ал айнадағы образды қайталайтын ол бала» – дейді психолог Балжан Нұрғалиқызы.



Stan.kz

10 тамыз 2018 ж. 657 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930