Діни тәрбие беріп, жатар алдында ертегі оқиды: Бүркіт қандай әке?
Бүгінде үш баланың әкесі атанған Бүркіт көп уақытын ұлдарымен бірге өткізгенді ұнатады. Күн сайын ұйықтар алдында оларға ертегі оқып, сырласатын да әкесі екен. Ал 7 айлық қызына Бүркіт әлі жақындамайды.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінде Бүркіт ұлдарына діни тәрбие беруге тырысып жүр. Әлі мектеп табалдырығын аттап үлгермесе де, тұңғышына Жаратқанның кім, ал Құранның не екенін үйретіп қойған.
“Үлкен балам енді бестен асты. Аллаһтың қай жерде екенін біледі. Осы Омарды, Сафияны дүниеге әкелген кім? Тек қана Аллаһтың бұйрығымен деген нәрселерді үйретіп жатырмын. Үлкен ұлымнан: – Қалың қалай? – деп сұрасам: – Әлхамдулиллях, – деп жауап береді. Үйге келген қонақтар таңғалып жатады. Кішкентай жасынан үйрете беру керек, құлағына құя беру керек”, – дейді Бүркіт.
Себебі әншінің кішкентай кезінде дінге қатысты әңгімелерге тыйым бар еді.
Себебі әншінің кішкентай кезінде дінге қатысты әңгімелерге тыйым бар еді.
“Біздің кішкентай кезімізде Кеңес дәуірі еді ғой. Ол кезде Құран, Аллаһ туралы біраз дүниелер айтылмайтын. Сол дәуірде әкем әскери адам болғандықтан, кішкентай кезімізден ондай нәрсені ешкім құлағымызға құйған жоқ. Тек қана апаларымыз анда-санда айтып қалмаса, бізге ешкім үйретпейтін. Әке-шешеміз: – Ананы істеме, тік жүр, ешкіммен төбелеспе, мектебіңе бар, кітабыңды оқы, бәрін біліп отыр, – деп отыратын. Білім жағынан тәрбиеміз күшті болды”, – дейді Бүркіт.
Бір қызығы, әзірге Бүркіттің балаларының бәрі үйде. Үлкені 5 жастан асса да, әлі күнге дейін балабақшаға бармайды. Себебі:
“Балабақшаға барса, ауырып келеді. Сосын екіншісіне, кейін Сафияға жұқтырады. 2 аптада жазылады, қайта барады, тағы ауырып келеді. Сосын маған жұғады, бәріміз ауырамыз. Балабақшаларыңа рақмет дедім”, – дейді Бүркіт.
Бүгінде үйдің тұңғышы Зейін мектепке дайындық сыныбына, сондай-ақ қосымша айкидо спорт үйірмесіне барады екен.
Stan.kz