» » » Қазақстандық жұлдыздар жаңажылдық демалысын қай елдерде өткізіп жатыр

Қазақстандық жұлдыздар жаңажылдық демалысын қай елдерде өткізіп жатыр



Отандық эстрада жұлдыздары мен шоу-бизнес өкілдері Жаңа жылдышетелде қарсы алуда. Мәселен, әнші Мейрамбек Бесбаев жанұясыменТаиландтағы аралдардың бірінде жүр. Кенжебек Жанәбілов те әріптесіненқалыспай, отбасымен бірге Дубайда демалуды ұйғарыпты.

Сонымен халық алдында жүрген жұлдыздардың басқасы 2019 жылдықалай бастады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Сонымен, Қазақстандық жұлдыздар жаңажылдық демалысын қайелдерде өткізіп жатыр?Тайландта қатты дауыл болады деп жатса да, біздің жұлдыздардың біразы сол жақта жүр. Мейрамбек Бесбаевотбасымен Пхукетте демалуда. Бұл арал Таиландтың батыс жағалауында. Мұндай мәліметті әлеуметтік желідегі жазбаларынан білдік. Музарттобындағы Кенжебек Жанәбілов те Мейрамбектен қалыспай, Дубайғабарған. Ал продюсер Баян Алагөзованың Instagram желісіндегіпарақшасына қарағанда, ол қазір Францияның Ницца және ИспанияныңБарселона қалаларында күйеуімен бірге демалып жүр.
“Чип–чип” әнімен танылған Асхат Тарғын Сауд Арабиясының Меккеқаласында жаңа жылдық демалысын өткізуде. Актер әрі тележүргізушіТәуекел Мүсілім Түркияның Анталья қаласына кетіп қалыпты. Бірақ олмұнда демалысқа емес, қырғызстандық режиссер Руслан Акунның жаңафильмінің түсірілім жұмыстарына қатысып жатыр екен. Әли Оқапов такиноға түсіп жатыр екен. Бірақ шетелде емес, түсірілім жұмыстарыҚазақстанда. Соның кесірінен ешқайда шыға алмай қалыпты.
“Қазір мен толықметражды киноға түсіп жатырмын. Сондықтан демалысжоқ менде. Тайландта демалғанды ұнатамын”, – Әли Оқапов.



Ерке Есмахан, Нұрлан Еспанов та сыртта жүр қазір. Жұлдыздардың бәріәлі елге келмеген сыңайлы, себебі телефондары сөндірулі. Шетелге баруға, теңіз жағасына асығып, күн санап жүргендердің бірі Бүркіт. АлдыменЕуропаға барамын деп жоспарлап қойыпты. «Италияға кетемін, келгесінИндонезияға барамын. Теңіздің жағалауы, сондай жер ұнайды ғой» – дейді әнші Бүркіт. Ал әр жылы бір шу шығарып жүретін Төреғали жаңажылда ақшасын шетелге шашпай, Жетісу жерінде айғырға мініпсеруендеп жүр. Бұл қыл құйрықты бір қажы адам сыйға тартыпты.


Stan.kz


09 қаңтар 2019 ж. 710 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930