» » » Әбдіжаппар Әлқожа: Менің гонорарым біреулердің бір жылда табатын ақшасына тең

Әбдіжаппар Әлқожа: Менің гонорарым біреулердің бір жылда табатын ақшасына тең

Жаңа жылда әншілердің гонорары қымбаттай ма? Отандық жұлдыздар жауап берді. Мәселен, Әбдіжаппар Әлқожаның айтуынша, оның бір тойдан табатын табысын кейбіреулер бір жылда әрең табады екен.



ÓбдÑÐ¶Ð°Ð¿Ð¿Ð°Ñ ÓлÒожа

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеп Stan.kz жазады.

“Біреулерге менің гонорарым сөмкесінен алып “мә” дей салатын ақша. Ал біреулерге бір жыл бойы айналып табатын ақшасы”, – дейді Әлқожа.
Алайда өнер иесі нақты цифраны атаудан бас тартты.

“Айтпаймын. Өйткені гонорарымды айтатын болсам, халықтың арасында біреудің жағдайы жетеді, біреудікі жетпейді. Гонорарымды айтсам, жағдайы жетпейтін кісілер, “ой, мынау сұмдық екен ғой” деп айтуы мүмкін. Ал жағдайға қарап айтсам, жағдайы мықты кісілер “мынаның бағасы осындай-ақ па?” дейді. Сондықтан да айтпай-ақ қояйын”, – дейді Әбдіжаппар.

Ақбота Керімбекова болса өзін қуанышынан көргісі келетін халықтың жағдайына қарайтынын айтады.

“Әрқалай. Қатып қалған баға жоқ. Өйткені қазіргі заманда жағдайға қарауға тырысамыз. Әрбір қазақ жақсылығында, қуанышында өнер адамдарын шақырғысы келеді. Кейде келісіммен бағамызды түсіріп жатамыз”, – дейді Ақбота Керімбекова.

Stan.kz

21 қаңтар 2019 ж. 962 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930