» » » Ернар Айдар келесі концертіне танымал шетелдік жұлдызды шақырмақ

Ернар Айдар келесі концертіне танымал шетелдік жұлдызды шақырмақ

Өнердегі ағаларымен бірігіп концерт түсірген Ернар Айдар келесі ән кешінде тыңдарманын таңғалдырмақ ниетте. Хитмен танымал шетелдік жұлдызбен дуэт орындайды. Алайда Ернар шетел асып келетін қонақтың есімін әзірге құпияда ұстап отыр.


ÐÑÐ½Ð°Ñ ÐйдаÑ

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Қонақ жағы ерекше болып тұр. Ол енді қазір айтылмайды, құпия. Ақсақал аталарымнан, ағаларымнан батамды алдым. Енді шақыра берсем болатын шығар?! Шетелден шақырам ба, ар жақтан шақырам ба, маған рұқсат шығар?!” – дейді Ернар.

Иә, бүған дейінгі концертінде әнші Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіков, Мұқасан Шахзадаев сынды ағаларымен дуэт айтты. Соның ішінде Мейрамбекпен екі бірдей ән жаздырып, оның біреуіне клип те түсірді. Ернардың бұл қуанышына қызғанышпен қараған кей адамдар ел арасында түрлі әңгіме таратып жүрген көрінеді. Алайда Ернар оған мән бермейді. Айтуынша, “Мен сені ұмытпаймын” әніне әнбаян таспалауды Бесбаевтың өзі ұсынған.

“Екі әннің қайсысын халық жақсы қабылдаса, соны концертте орындайық деді. Кейін “Сен жоқта” деген алғашқы ән таралып кетті. Соны орындайтын болдық. Екінші ән де дайын етін, дауыс жазып қойғанбыз. Мұны не істейміз? – дегенімде: Онда клип түсірейік, халыққа тосынсы болсын, – деді”, деп еске алды хитмен.

Stan.kz
04 ақпан 2019 ж. 888 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930