» » » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК


Қазақстан Республикасы туризмі қарқынды түрде дамып келе жатқан бірден бір мемлекет болып саналады. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Еліміздегі туризм саласы жөнінде деректер топтамасын оқи отырыңыздар.

1. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%-ы, әлемдік инвестицияның 7%-ы, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ы, барлық салық түсімінің 5%-ы келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді. 
2. Алматы қаласының туристік инфрақұрылымы еліміздегі ең дамыған инфрақұрылым болып саналады. 
3. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. 
4. 2000 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласында Орталық Азияның ең ірі туристік форумы, туризм индустриясының жаңалықтары мен үрдістерін ұсынып, негізгі индикатор мен көрсету алаңы болып табылатын KITF көрмесі өткізіледі. 
5. 2001 жылы 13 маусымда "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.
6. Біздің турөнімнің екі базалық компоненті бар: Жібек жолындағы мәдени туризм (дәстүрлі және сиынушылық) және сонымен тығыз байланысқан экооқиғалы туризм, (сафари, рафтинг, орниталогия, альпенизм, аң аулау, балық аулау). Ең жемісті облыстар – Алматы, Оңүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан.
7. Қазақстанда 9000-ден астам археологиялық және тарихи ескерткіштер, 118 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, оның ішінде 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер орналасқан. 
8. Еліміздегі туризм мамандарын Туризм және спорт академиясы, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы мемлекеттік университеті, Қазақ Ұлттық университеті, "Тұран" университеті, т.б. жоғары оқу орындары дайындайды.
9. Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді. 
10. Елімізде 600 жүзден астам туристік агенттіктер бар, 80-нен астам шетелдік компаниялармен байланыс орнатылған.


Massaget.kz сайты.
02 ақпан 2018 ж. 2 373 2

Гость Jeaplause от 11 ақпан 2019 18:42
Amoxicillin 350mg Tid For 7 Days Purchase Nexium Canada buy generic cialis online Propecia Prix Maroc Viagra C'Est Plus Fort Toi Costo Cialis 5 Mg

Stevnoix от 8 мамыр 2019 15:32
Viagra Eiaculazione Precoce Propecia Vente Canada Pyridium Amex canadian pharmacy cialis 20mg Fedex Stendra Visa Free Shipping On Line

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930