"Әркім әртүрлі пайдаланады": Жазира Байырбекова көңіліне қаяу түсірген жайт туралы айтты
Жазира Байырбекова не үшін қайғыратынын айтқан видеосын жүктеп, әдетке айналып кеткен шаруасы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әнші әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы жазып, дәстүрге жат қылықтар жасайтын адамдардың жазылушылары көп болатынын айтып қынжылды. Өнер иесінің айтуынша, ол өз жазбаларымен бөлісерде халыққа қандай пайдасы тиеді, ақпарат ала алады ма деп ойланады екен.
"Инстаграм арқылы халыққа, әсіресе желіде отырған жастарға тек жақсы дүниелер көрсетсем деп ойлаймын. Бірақ қай жағынан ақпарат таратамын десек те, кейбір қазақ халқына, салт-дәстүрімізге кері әсерін тигізетін, мүлдем пайдасы жоқ адамдарда жазылушының саны көп болса әрине қайғылы жағдай", - дейді Жазира Байырбекова.
Оған қоса, өнер жұлдызы әлеуметтік желіні қай жерлерде қолданатынын айтып ақталды. Артынша Жазира ханым оқырмандарына сауал тастап, жауап алуға тырысты. Осылайша өзіне қойылған сұрақты жұртқа жолдап, жазылушыларымен кері байланыс орнатып үлгерді.
"Көлікте кетіп бара жатқанда (көлік жүргізбеймін) әуежайда отырғанда, концертте, тойда кезек күткенде, ұйықтар алдында инстаграмға кіру әдетке айналып кетті.
Әлеуметтік желіні әркім әртүрлі бағытта пайдаланады.Әркімнің ісі өзінше дұрыс сияқты көрінеді. Инстаға салған постыңыз қоғамға қаншалықты пайдалы? Кімнің парақшасынан қандай әсер аласыздар? Қоғамға, ұлтымызға пайдасы бар парақшаларды белгілеп өтіңіз!" - дейді әнші.