Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың әйеліне жылына 1-2 рет қатты сөйлеп қоятыным бар
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова тұңғыш келіні Жұлдыз жайлы айтты. Жұлдыздың отбасына келін емес, қыздай сіңіп кеткенін жасырмады.
"Менің Жұлдызым отбасымызға келін болып өте жас келгендіктен бе, келін болған осылай болу керек деген кіршіксіз жүрегімен, әрбір ісіне тиянақты мән беріп, жүрегімізден төрінен орын алып тез бауыр басып, қайын інілеріне туған әпкесіндей болып кетті. Тіптен қызымыз жоқ деуші едік, Алла арманымызды орындағандай, үйге кіргенімізде Жұлдыз атына лайықты жұлдыздай жарқырап үйімізге нұр төгілгендей жүрегімізге шуақ шашты. Ол, ол ма, Нүрекең екеуіміздің бітпейтін әңгімеміз, қуанышымыз етіп қос-қос ұл мен қыздарды өмірге алып келіп, өмірге деген құлшынысымызды арттыра түсті. Бүгінде менің сырласыма айналды. Ал оның дайындаған дәмін жеген де арманда, жемеген де арманда, немерелеріміздің тәрбиесі де, баламыз сыртта жүргендіктен барлығына өзі үлкен жауапкершілікпен қарайтыны тағы бар. Біреуін спортқа, ал бірін музыкаға қосымша сабақтарға алып барып қуанышын бөлісуден шектелген емес. Біздің батамызбен керегесі кеңейіп, ұл-қыздары бақытқа жеткізсін деп дұға тілеумен отырамын.
Айдарбекова келінін мақтай келе оны ширату үшін қатаңдық танытатын кездерін айтты.
"Мен өзім жылына 1-2 мәрте пысысын деп қатты сөйлеуім мүмкін, бірақ "Мама кешіріңіз" деген сөзін естіп жүрегім езіліп ешкімге көрсетпей жылап та алатын кездерім болады. Бетіңнен алмай, кішіпейілдікке тәрбиелеген ата-анасына мың тағзым! Құда болса менің құда-құдағиымдай құдаларды сіздерге де нәсіп етсін Алла! Өз абысындарым да көбіне "Сенің құдаларыңдай құда, келіндеріңдей келін бұйыртса екен" деген армандарын жасырған емес. Аллаға шүкір Айгерім келініміз де шуағын шашып, көз тимесін деп тәубә ететіндей келін болды. Оған да шүкір! "Келіннің аяғынан" дейді ғой қазақ ата-бабаларымыз. Тек көз тимесін.
Рас, руы кіші жүз болғандықтан бетке айтып кейде жек көрініп қалатыны бар, адамның сыртынан пыш-пыш өсек айтпайды, ол мінезін мен жақсы түсінемін. Себебі: анасына қарағанда маған көбірек ұқсайды. Негізі мен Жұлдызды көзінше көп мақтамаймын, тек сыртынан күйеуіме, балама айтып отырамын. Мақтауды сіздерге де сыртынан айтып мақтанып отырғаным ғой. Әрбір мықты азаматтың өсіп-өнуінің сыры ана мен әйелінің арқасында болады. Қайраттың шалқып жүргені тек менің емес, Жұлдызымның да еңбегі. Менің Жұлдызымдай келін сіздерге де бұйырсыншы!", - деп жазды Айдарбекова парақшасында.