» » » "Артық нәрсе айтуға қорқатынбыз": Бүркіт пен Аиша тойдан кейін бір-бірін қалай жақсы көріп кеткенін айтты

"Артық нәрсе айтуға қорқатынбыз": Бүркіт пен Аиша тойдан кейін бір-бірін қалай жақсы көріп кеткенін айтты

Бұл жайлы Бүркіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ашып жазды. Тойға дейін жиі сөзге келіп, ұрсысып қалатын жұлдызды жұп тіпті бір-бірімен сөйлесуге қорққан көрінеді. Отасқандарына 9 жыл болған бақытты отбасы осылайша жанжалдасқан күндерін күле еске алды."Бір қызығы біз тойға дейін күн сайын ұрсысып қалатын едік. Тіпті, артық нәрсе айтуға қорқатынбыз. Өйткені болмашы нәрсе үшін келіспей қала беретінбіз. Қарым-қатынасымыз қиын болды. Бірақ, тойдан кейін бейбітшілік пен түсіністікте өмір сүріп жатырмыз", - дейді Бүркіт.
Бүркіт пен Аиша шаңырақ құрғаннан кейін қарым-қатынастарының өзгеріп кеткенін, бір-біріне деген сыйластықтың, сүйіспеншіліктің пайда болғанын жасырмады. Жұлдызды жұп тойдан кейін бір-бірін қатты жақсы көріп кеткен. 
"Ұрсысуды мүлдем қойдық. Отбасыда ыдас-аяқ сылдырламай тұрмайды ғой. Арасында болып тұрады. Алайда, 5-10 минуттан артыққа шыдамаймыз. Шаңырақ құрғанымызға 9 жыл болды. Әрбір отбасыға тыныштық пен түсіністік тілейміз. Бақытты болыңыздар", - деп жазды Бүркіт.

27 мамыр 2019 ж. 1 364 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930