» » » Әйгілі "Ер Тұғырыл" фильмінің режиссері Қасым хан жайлы кино түсірмек (фото)

Әйгілі "Ер Тұғырыл" фильмінің режиссері Қасым хан жайлы кино түсірмек (фото)

Танымал түрік режиссері Метин Гюнай Отырарда Қасым хан туралы фильм түсірмек. Қазақ көрерменіне "Ер Тұғырыл" фильмінің режиссері ретінде таныс тұлғаны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Отырар қалашығына ертіп барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр мен режиссердің Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен руханияттың орталығы атанған көне қала Отырарға жасалған сапардың мақсаты - қазақ хандығы мен тарихы, даңқты батыр Қасым ханның ел болашағы үшін аянбай сіңірген еңбегі жайлы тарихи фильм түсіруді киелі Отырар жерінен бастау, тамыры терең тарихымыз бен батырлар жолын тек Қазақстанға ғана емес дүниежүзіне таныту.

Метин Гюнай ауқымды жобаны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арнайы шақыртуымен қолға алған.
Режиссер жылдың төрт мезгілін де қамти отырып үш жыл ішінде көп сериалы тарихи фильм түсірмек.



"Ер тұғырыл" киносының режиссері Метин Гюнай Елбасының шақыруымен Қазақстанға келіп үлкен жобаны қолға алуда. Қасымхан жайлы киноның сценарийін керемет етіп жазып шықты. Бұл жоба - күрделі әрі ауқымды болғандықтан біз жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.Мақсатымыз өнердің барлық саласының жұмыстарын бір жүйеге келтіріп тоғыстыру. Осы ірі жобалардың арқасында көне қалаларымыз Отырар, Сауран, Сарайшықтарды дүниежүзіне паш ету. Аталған ірі жобалармен қатар тарихи орындарға реставрациялық жұмыстар жүргізіледі. Археологиялық қазба жұмыстары арқасында да көптеген деректер табылды. Оларды да танытып, тарихымызды жандандыруымыз тиіс. Тарихымызды шығару арқылы дүниежүзі туристерін Қазақстанға шақыра аламыз", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.



Ал Метин Гюнай ата топырағына келгеніне қуанышты екенін жеткізіп, екі елдің тарихы ортақ екенін айтады.

"Тарихи тұлғаның өмірі жайлы түсірілім бастауды қолға алып жатырмыз. Дәл қазір біздің түсірілімге келетін ыңғайлы орындармен танысып жатырмыз.Үлкен іс жасауды жоспарлағандықтан шынайы, тарихи жерлерді қарастырудамыз. Тағы да үш мекен жоспарда бар", - дейді режиссер.





17 маусым 2019 ж. 650 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031