» » ауыл әйелдерінің форумы: іскерлік нәзіктіктен бастау алады

ауыл әйелдерінің форумы: іскерлік нәзіктіктен бастау алады

Қазақ қоғамында қыз баласына, анаға ерекше қамқорлық пен құрмет көрсетіледі. Сонау Томирис пен Заринадан бастап, Әлия мен Мәншүкке дейін үлгі етерлік батыр арулар жеткілікті. Тіпті, тәуелсіздіктің қарлығашындай болған Ләззат пен Сәбираның өзі талай намысты ұлға өнеге етуге тұрарлық. Әйел баласының бұдан да басқа қасиеттері жетіп артылады. “Жұмақтың кілті “Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен ана” табанының астында” дейді қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов. Осыған қарап-ақ, әйел бейнесінің, ана образының адам өмірінде алатын орны ерекше екенін байқауға болады.
Қызылорда қаласында облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыс әкімі жанын­дағы әйелдер істері және отбасылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен ауыл әйелдері форумы өтті. Форум жұмысына батыр аналар, түрлі салада қызмет істеп жүрген қыз-келіншектер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкер әйелдер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, аймақ жетістіктеріне қыз-келіншектердің қосқан үлесін атап өтті.
Шарада «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алмагүл Божанова ауылды сақтау, дамыту басты назарда болуы шарт екенін жеткізді. Себебі, ауыл – ұлттық құндылықтарымыздың, салт-дәстүріміздің алтын діңгегі. Осы ретте Елбасының биылғы жылдың 5 қазанында жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Ауыл – ел бесігі» жобасын ұсынғанын айтты. Енді осы бағытта біршама жұмыстар атқарылмақ. Сонымен бірге ауылды дамытуда әйелдердің үлесін де тілге тиек етті.
Форум барысында қоғамның өркендеуіне әр салада жүріп, өзінің үлесін қосқан 35 әйел-анаға «Үздік білім қызметкері», «Үздік медицина қызметкері», «Үздік фермерлік және шаруа қожалығының басшысы», «Үздік пошта немесе өндіріс қызметкері» және «Үздік сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес басшысы» номинациясы бойынша облыс әкімі атынан диплом табыс етіліп, сый-сияпат жасалды.

Кәсіпкерлік саласында әйелдердің үлесі ерекше артып келеді. Мәселен, аймақта өңірлік кәсіпкерлікті дамыту үшін бюджеті 32 млрд теңгені құрайтын кешенді Жол картасы әзірленді. «Старт-ап» жобаларға 3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде ауылшаруашылығы кешенін дамытуға 8,8 млрд теңге қаржы қарастырылған. Өткен жылы екі мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылықты біріктіріп, 80 коо­­ператив құрылды. Өңірлік инвестициялық орталық арқылы облыстық бюджеттен шағын несие­ге 1 млрд теңге бөлініп, 258 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 112 жоба әйел кәсіпкерлерге тиесілі. «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ облыстық филиалынан 2017-2018 жылдар аралығында 2,4 млрд теңге болатын несие 760 кәсіпкер әйелге берілген.
Шара соңы мерекелік кешке ұласты. Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов Социалистік Еңбек ері, Батыр ана Сәлима Жұмабекованың шаңырағына арнайы барып, ел анасына «Ғасыр Ана» номинациясын табыс­тады.

«ЖЖ» ақпарат.
11 желтоқсан 2018 ж. 6 427 578

online pharmacy от 26 мамыр 2021 22:09

canadian pharmacies от 27 мамыр 2021 18:02

sildenafil dosage от 2 шілде 2021 11:33

sildenafil 50 mg от 2 шілде 2021 17:57

sildenafil 20 mg от 13 шілде 2021 02:40

female viagra от 14 шілде 2021 02:27

cialis tadalafil от 20 шілде 2021 05:45

order vardenafil от 21 шілде 2021 06:35

cheap vardenafil от 24 шілде 2021 22:24

tadalafil dosage от 25 шілде 2021 00:04

vardenafil hcl от 26 шілде 2021 11:05

buy vardenafil от 26 шілде 2021 19:30

levitra vardenafil от 27 шілде 2021 02:03

vardenafil hcl от 28 шілде 2021 06:02

tadalafil online от 28 шілде 2021 15:35

vardenafil от 29 шілде 2021 03:14

buy tadalafil от 29 шілде 2021 09:20

vardenafil dosage от 29 шілде 2021 10:03

sildenafil dosage от 29 шілде 2021 22:42

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30