Туған тіліміз тұғырымызға айналуы тиіс
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – еліміздегі әрбiр азаматтың парызы. Үкiмет пен өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға мiндеттi.
Елбасы «Енді ешкім өзгерте алмайтын ақиқат бар! Ана тіліміз мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйтқысы ете білген жөн», – деген болатын. Ана тілге аса құрметпен қарауымыз керек, әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсысымыздың парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
Бердібек ЕРҒАЛИЕВ,
Әділет басқармасының жетекші маманы