» » » Абзал – біз сені ұмытпаймыз, біз сені сағынамыз!

Абзал – біз сені ұмытпаймыз, біз сені сағынамыз!


Туған жердің бүгінгі торқалы тойын көзден көріп, арамызда болғаныңда ғой...
Адам басына салған қайғының жеңілі жоқ қой. Әсіресе кеше ғана арамызда топ бастап жүрген Абзалдай асыл азаматтан ерте айырылып қалу жалағаштықтардың жанына қатты тиді. Марқұм деуге қам көңіл қимайды екен. Өзінің азғантай ғана ғұмырында тауданда биік іс тындырып, ауданның өркендеуіне зор үлес қосты.
Жас көшбасшы Абзал Болатұлы Қанбаев 1989 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген. 2011 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылдан бастап Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі қызметінен бастап, өзінің біліктілігімен төраға лауазымына көтерілген. 
2011 жылдан бастап Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы қызметін, 2013 жылы Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы қызметін атқарды. 2014 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің бөлім басшысы қызметінде еңбек сіңірген.
Елге сіңірген еңбектері үшін бірнеше алғысхаттармен марапатталған.
Ол осындай жетістіктерге өз еңбегімен, білімімен жетті. Бала күнімізде Абзал екеуміз көрші тұрдық. Бала күнімізде күріш алқабына барып, масақ теріп қайтушы едік. Болашаққа бірге жоспар құрып, арман-мақсатымызға жету жолды бірге талқылап, балалық шақтың қызықты сәттерін бірге көрдік...
Кейін оқуды үзік бітіріп, туған жеріне еселі еңбек етті. Мемлекеттік идеологияны жүргізуде, сындарлы саясатты халық арасында оң бағытта насихаттауда белсене еңбек еткен Абзалдың өмірі өзінен кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалары сөзсіз. Абыройлы істері мен азаматтық бейнесі Біздің бәрімізге мақтаныш және жадымызда мәңгі сақтала бермек.
Ел-жұрттың сүйікті перзенті Абзал бауырымыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ
23 қазан 2019 ж. 696 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930