» » » Түркияда «Мағжан Жұмабаев жылының» салтанатты ашылуы өтті

Түркияда «Мағжан Жұмабаев жылының» салтанатты ашылуы өтті



ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің өкілдері биыл Түркияның Кастамону шаһарында бас қосты. Онда «Кастамону – 2018 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаев жылының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


ТҮРКСОЙ ұйымының 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сəйкес, Түркияда қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойымен қатар, Әзірбайжан Республикасының атақты композиторы Кара Караев пен қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовты еске алу жылы деп жарияланған.
Шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман, Кастамону қаласының губернаторы Яшар Карадениз, Кастамону қаласының басшысы Тахсин Бабаш жəне Түркия қалаларындағы губернаторлар мен əкімдер, Түркі елдерінің өкілдері мен Мағжан Жұмабаев туған Солтүстік Қазақстан облысының мəдениет қызметкерлері жəне қазақстандық ақын-жазушылар қатысты.
Туғанына 125 жыл толған айбынды ақынды бір минуттық үнсіздікпен еске алған Түркі жұрты оның ғұмыры мен шығармаларынан сыр шертер бейнефильмді жəне Солтүстік Қазақстан облысы өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Сондай-ақ Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқып, көптің құрметіне бөленді. Айта кетерлігі, Мағжан өлеңдері түрік тіліне аударылып, кітап болып басылып шыққан.

«Атаулы жыл аясында желтоқсан айына дейін көптеген іс-шара мен түрлі кездесу өткізілетін болады. Мағжан Жұмабаев жылына арналған арнайы бағдарламалар Кастамону қаласында ғана емес, Түркияға қарасты басқа қалаларда да ұйымдастырылады», – дейді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.

Естеріңізге сала кетсек, ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Мәдениет министрлерінің Түркістан қаласында өткен ХХХV Тұрақты Кеңесі отырысында Түркі елдерінің 2018 жылғы мəдени астанасы деп Кастамону қаласы бекітілген болатын. Осы орайда, 50-ден аса іс-шараны өткізу жоспарға алынған. Мағжан Жұмабаевты еске алып, түркітілдес елдер арасында кеңінен насихаттауға арналған іс-шара 19 ақпан күні Анкара қаласында жалғасады. Ал 21 наурыз күні «Кастамону – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді.













https://baq.kz

23 ақпан 2018 ж. 1 162 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930