» » » «ШЫНДЫҚ-ТӘҢІР» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ ОБЛЫСТЫҚ ЖАЗБА АҚЫНДАР ЖЫР-МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ

«ШЫНДЫҚ-ТӘҢІР» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ ОБЛЫСТЫҚ ЖАЗБА АҚЫНДАР ЖЫР-МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ


Жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Темірше Сарыбайұлының 78 жылдық мерейтойына арналған «Шындық-Тәңір» атты дәстүрлі облыстық жазба ақындар жыр мүшәйрасы өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, жыр бәйгесіне түскелі тұрған талантты жастарға сәттілік тіледі.
Жыр мүшайраға облысымыздың әр ауданынан және Қызылорда қаласынан 12 ақын қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезекте жас ақындар өздерінің Темірше Сарыбайұлына арнаған арнау өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыпта өз өлеңдерін оқыды.
Жыр мүшайраға Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Мұхамеджан Нұрханов, мәдениет қайраткері жыршы-термеші, Берік Саймағанбетов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы Азиз Батырбек қазылық етті.
Сайыс нәтижесінде аралдық Сәния Жақыпова ІІІ орын, қызылордалық Орынбасар Бексұлтан ІІ орын, жалағаштық Темірбек Сәрсенбайұлы І орынды иеленсе, шиелілік Рыскелді Жахман бас жүлдені қанжығасына байлады. Жеңімпаздар және барлық қатысушылар арнайы Алғыс хат, дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
12 желтоқсан 2019 ж. 1 107 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031