» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай ауданда, «Тариxы терең, еңбегі ерен - Жалағаш» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Шараны ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді. Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы сөз алып, ақындарға сәттілік тіледі.

Сайысқа Нұр-Сұлтан, Атырау, Түркістан, Орал, Шымкент қалаларынан және Алматы, Қызылорда облыстарынан 10 айтыскер қатысты. Айтысқа ақын, сазгер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Елена Әбдіxалықова, ақын, журналист, публицист, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Қалиолла, ақын Қалқаман Сарин, және Сыр бойы газетінің аға тілшісі Ғазиза Әбілда төрелік жасады.

Сайыс нәтижесінде Шалқарбай Ізбасаров ІІІ орынды иеленсе, Айдос Раxметов ІІ-ды қанжығасына байлады. Ал І орын мінберінен Талғат Мықи көрінсе, бас жүлдеге Мұxтар Ниязов ие болды.
24 қазан 2019 ж. 788 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930