» » » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ПАРЫЗЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ПАРЫЗЫ

Бізге ұлы Абай атамыз сынаған бойымыздағы кемшін қасиеттерден арылатын, ой-санамызды құлдықтан босатып, еркіндік беретін кез жетті. Ысырапшылдық пен астамшылық, мақтанпаздық пен бекерге мал шашпақтық ұлтты өрістетпейтіні анық.

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жоғарыдағы ойдың түйінін тарқата айтты. Сондай-ақ, ол саяси құжатта «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемі пайдаланып соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу» керектігі айтылып, ұлтты өсірудің орнына өшіретін, жүректі қарайтып адамды рухани әлсіздікке апаратын кері қасиеттерді атап берді.  Бұлар қазіргі қоғамда орын алып жатқан, ешкімге таңсық емес дүниелер. Күнделікті көріп жүрген келеңсіздіктер – қол жеткен жетістікке масаттану, білім, ақыл, адамгершілік қасиеттермен емес, атақ, даңқ, ақшаға арқа сүйеп өзіңді өзгеден жоғары ұстау, аста-төк ысырапшылдық тағысын тағылар. Бәрі жарқын болашаққа деген сенімнен гөрі көкірек көзінің қараңғылығынан бір күнді ойлаумен шектеледі.
Жалпы, рухани жаңғыру – ұлттық сананың жаңғыруы. Кеңес одағының саясатынан арылып, еліміз егемендікке қол жеткізген кезеңнен бастап ұлттық ерекшеліктеріміз оралып, болмысымыз айқындала түсті. Елбасы мақаланы жариялаған тұста ұлтшыл азаматтар, зиялы қауым өкілдері оң пікірлерін білдіріп, жан-жақты қолдау көрсетті. Жер-жерде рухани жаңғыруды негізге алған жиындар, шаралар өтті. Дегенмен, көреген көшбасшы ұлттық сананың жаңғырып, кириллицадан ауыспайынша, қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеру, бәсекеге қабілетті ел болу қиынға соғатынын түсінді. Содан бері тәуелсіздік алғаннан бастап әр жылдары қазақ әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру мәселесі көтеріліп жүр. Елбасы тапсырмасымен 2025 жылға дейін түгел латын графикасына көшу қолға алынды. Мұндағы мақсат – тіліміздегі шұбалаңқы, артық дыбыстардан арылып, өзімізге ыңғайлы әрі ықшам әліпбиді енгізу. Қысқасы, Елбасының айтпағы, қазіргі заманғы Қазақстанның стратегиялық бағыт мүдделерін айқындайтын жаңа идеологиялық тұжырымдама қалыптастыру болып табылады.
Тұңғыш Президент  Н.Назарбаев «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін» деп бүгінгі жастарға үлкен сенім артты. Жас ұрпақ қазақтың бас ақыны айтқан кемшін қасиеттерді санасына сіңірмей, Елбасы ұсынған дара жолға түсетін болса егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы, келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болары анық.
  
07 мамыр 2020 ж. 383 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930