» » » ПАРЫЗ бен ПЕНДЕЛІКТІ шатастырмайық

ПАРЫЗ бен ПЕНДЕЛІКТІ шатастырмайық

Әне-міне дегенше он екі айдың сұлтаны – Рамазан да келіп жетті. Бұл айда күннің ыстық - аптабына, жұмыстың қиындығына қарамастан мұсылман жұртшылығы ауыз бекітіп, Алла алдындағы парызымызды өтеуге кірісеміз. Алла бір істі өзінің құлдарына парыз етсе, онда ол іс үшін пендеге екі дүниеде де пайда болады және бақыт әкеледі. Рамазан айында жұмақтың барлық қақпалары ашылып, керісінше тозақтың есіктері түгелдей жабылады. Бұл туралы біз Құран аяттарынан, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерінен, имамдардан естіп жүрміз.

Алла Тағала: «Шынында, ораза мен үшін ұсталады және оның сыйын мен өзім беремін. Өйткені, адам өз қалауларын қанағаттандырудан және өз тамағынан мен үшін бас тартады!» деп айтады. Ораза ұстаушыны екі қуаныш күтіп тұрады: бірі – ауызын ашқанда, екіншісі – Раббысымен кездескенде. Алайда, бүгінгі адамдар оразаның парыз екенін қаншалықты ұғынады, оразаны не мақсатта ұстайды? Айталық, екі дүниедегі бақытын ойлаған, иманы берік адамдар рамазан айын асыға күтіп, Алла алдындағы бес парызының бірін орындауға асығады.

Енді біреулер ораза ұстауды «диета» деп санап, Жаратушы бұйырған парызды пенделік ойымен байланыстырып жатады. Ораза ұстағанда жүрек қалауымен ниеттенсе, ол пенденің қиямет күні мерейі үстем болады. Арып-ашып, бірақ Хақтың әміріне бойұсынып шыдаған пенденің жан дүниесі нұрланады, денсаулығы жақсарады, тазарады. Айта кету керек, ғалымдардың зерттеуі бойынша ораза ұстағанның адам денсаулығына зор пайдасы бар. Ол адам бойындағы қажеттіден артық немесе ескі жасушаларды жоюға көмектеседі екен. Яғни, адамның қарны ашқан кезде әлсіз жасушалар өздігінен жойылып, аштыққа қарсы тұру үшін ішкі ағзасы белсенді түрде жұмыс жасайтын көрінеді. Сондай-ақ, ораза адам бойындағы тас, артық ет, май мөлшерлерінен арылтады. Сонымен қатар, адам ағзасындағы қант мөлшерін барынша төмендету арқылы қант ауруынан сақтайды.

Себебі, адам ораза ұстаған кезде ұйқы безі демалады. Ұйқы безі қантты крахмалды заттар мен майларға айналдыратын инсулин бөледі. Сондықтан, ұйқы безі көп демалған сайын қантты мөлшерінен аз бөліп, қатерлі аурудан сақтауға септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл айда ауыз бекіткен адамдар артық салмақтан да арылады. Айтып өткеніміздей, Алла тағала пенделеріне бір істі парыз етсе, ол іс міндетті түрде сол адамға пайдасын тигізеді. Түсінген адамға бұл парыздардан келетін ешбір қысым не болмаса денсаулыққа зияны жоқ. Ендеше, есігімізден еніп келіп қалған Рамазан айын құр өткізбей, парызымызды орындау арқылы екі дүние бақытына жол ашайық.

Нұр НАУАН
08 мамыр 2020 ж. 349 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 787

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031