КҮЙ КҮМБІРІ

Осыдан бір екі жыл бұрын Елбасының ұсынысымен шілденің алғашқы күні ұлттық домбыра күні болып бекітілген болатын. Содан бері республика көлемінде осы күн айтулы мереке ретінде тойланып келеді. Биыл да ұлттық домбыра күні қарсаңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн форматта облыстық "Күй күмбірі" атты жас күйшілер байқауы өтті.
Байқау нәтижесінде І орынды жалағаштық Пірмахан Кенжебек алса, ІІ орынды Қазалы ауданынан келген Шөмекей Рүстем иеленді. Ал ІІІ орынды жаңақорғандық жас күйшілер Әлмахан Сері мен Назерке Жәнібек, Сырдария ауданынан келген Қайбулла Ерсұлтан алды. Сонымен бірге Қызылорда қаласынан келген жас талант Берікбай Ахмет және сырдариялық Шәкәрім Камалиев ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
"ЖЖ" ақпарат