Биылғы жылғы қажылық жаңа ережелер бойынша өтеді
Сауд Арабиясында қажылар үшін жаңа ережелер енгізілді. Енді діндар келушілерген Қағбаға жақындауға, оны сүюге болмайды. Ал адамдарды жақындатпау үшін кедергілер орнатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Биыл қажылық 28 шілде мен 2 тамыз аралығында белгіленген.Алайда, қазақстандықтар қажылыққа қатыса алмайды. Басқа елдің азаматтары да қажылыққа қатыса алмайды, себебі Сауд Арабиясы билігі елде халықаралық әуе ұшақ қатынасын тоқтатқан.
Қажылықты корольдік аумағындағы адамдар ғана жасай алатын болады. Әрбір жораға 50 адамнан қатысады және олар маска, қолғап киіп сақтық шараларын сақтайды. Зәмзәм суы діндарларға тек бір реттік ыдыспен беріледі.