Көктемнің көрікті айы сәуір келді
Көк жүзін шарбы бұлттармен тұмшалаған көктемнің екінші айы да басталды. Сәуірдің алғашқы онкүндігінде ауа райы құбылып, жауын-шашын жауатынын ата-бабаларымыз бағзы заманда айтып, оған ат қойып, айдар таққан. Көшпелі тірлікте өмір кешкен олар тірлігін күннің райымен бағамдап, уақыттың өлшемін күннің шығу, еңкею, бату құбылысымен шамалап, табиғат тәңірдің тілсіз үкіміне бағынған. Бұл күнде осы құбылысты бірді-екілі қариялар білмесе, көпшілік қауым табиғаттың тосын мінезіне таңырқап қарайды. Міне, сәуір айы басталмай жатып-ақ оның белгілері бой көрсетіп, бір күнде жаңбыр себелесе, шамалыдан соң майда қар тамшылары бұршақ тәріздес болып, жерге жетпей еріп жатты. Күннің қабағы бірде түйіліп, бірде ашылып, бірде жел, бірде тұман түсті. Мұндай құбылысты ертеректе қазақ атамыз “қызыр қамшысы” деген амалмен байланыстырған екен.
Бұл жөнінен бізге көршіміз Қуаныш қарт біраз дерек беріп, тамыршы табиғатқа қарап топшылаған ойымызды дөп басты. «Міне, сәуір басталмай жатып, наурыздың соңғы күндері күн құбыла бастады. Енді бұл сәуір айының орта шенінен “қызыр қамшысы” деген табиғи амалға ұласады. Бұл кезде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жер бусанады. Осылайша, кейбір аймақтарда жаздың жайлы күндері білінеді. Көктем мезгілінде адамдар күннің күркіреуін, найзағайдың жарқылын асыға күтеді. Табиғат сондай мінезін көрсеткенде ғана «Қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті» деп есептеген. Қытымыр қыс кетіп, шаруаларға бірыңғай егіншілікпен айналысатын мезгіл келді. Жер-Ананың бауырында қызу еңбек майданы басталуға сәтті күн туды деп жадырасқан. «Көктемнің бір күні жылға азық» деген тәмсілге сүйеніп, қарапайым тұрғындар ауласындағы бақшасын тыңайтып, оған дақыл өсіруге талаптанатын оңтайлы шақ та осы кезең.
Иә, жұртшылық құстардың қанатына көктемді ілестіріп жететін көкек айын асыға күтеді. Себебі халқымызда «Сәуір болмай, тәуір болмас» деген сөз бар. Бұл айдың бұрынғы атауы көкек болған. Ондағы басты себеп – көктемнің бір белгісі ретінде көкек құсы алғаш шақыра бастайды. Айдың өзгешелігі – құс үнінің ерекше байқалуында. Көктемгі табиғаттың әсемдігін уәж еткен тувалықтар мен шорлар бұл айды «көрік айы» атап кеткен. Көкек – ұшқалақ, жеңілтек құс, өз атын өзі шақырады. Сондықтан осы сөз жағымсыз мәнде айтылады деп, айдың атауын сәуірмен ауыстырған екен.
Қариялар сәуір амалы кіргенде бұлтты бақылайды. Бұлт төніп, ыдырамаса, сәуірдің бұлты қалып қойғаны. Онда сәуір амалы ұзаққа созылып, 40 күнге жалғасады. Нөсер жаңбыр, қар жауады. Сәуір амалы кейбір көнекөздердің айтуына қарағанда, осы айдың 20-жаңасынан 25-жаңасына дейін жалғасатын көрінеді. Бұл айдың “қойшы, құсқанаты” деген жанама аттары да болған.
– Көктемнің екінші айын халық қараөзек шақ деп атайды. Өйткені сәуірде күн жылына бастайды, су тасиды, мал төлдейді. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. «Сәуірде күн күркірер, күн күркіресе, көк дүркірер» деген мақал халық тәжірибесінен алынған. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен бабаларымыз құрт-құмырсқа тіршілігіне дейін зер салып, ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған. Көктемнің бел ортасында өтетін бес-жеті күндік жауын-шашынды салқын кез басталады. Мұны бесқонақ амалы деп атайды. Жұрт осы «бесқонақтан» қатты сақтанған. Шопандар ол өтпей күн райы қанша тамылжып тұрса да, жайлауға көшпеген. Өйткені жорамал бойынша ол кезде ең болмағанда үш-бес күндік суық, қар аралас жаңбыр болатыны анық, – дейді Қуаныш қария.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев та жылдың он екі айындағы осы сәуірге ерекше тоқталып, оған өлең арнағаны да тегін емес.
Сабылып келді міне, сәуір айы,
Сәуір айы – қазақтың тәуір айы.
Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт,
Бара жатыр не болып ауа райы?
Ақ нөсер, өткіншісі – бәрі дайын,
Сабылтыға келген мына сәуір айын,
Құтты көріп, диқандар құптағанмен,
Малшылар салып отыр сарыуайым.
Жылап тұр, жылаңқы бұлт сабылып тұр,
Сағынып тұр күн нұрын, жабығып қыр.
Бірде жауын, біресе қарға айналып,
Сәуір айы малшыға қағынып тұр, – деп ақын жырлағандай, шынында сәуірде күн қабағы әртүрлі амалымен қысқы ызғардан бүрсеңдеп шыққан елді оқта-текте сынайтыны бар.
Сонда да болса сәуірдің тәуір ай екенін сезінеміз. Себебі күннің көзінен жылы шуақ таралып, мал төлдеп, құстар жылы жақтан біздің құтты мекенімізге ұшып келе бастайды. Ақындардың қаламынан арайлы жыр төгіліп, суретшілер қайта оянған табиғаттың ғажап бейнесін түрлі-түсті бояумен нақыштап, шығармашылықтың шынайы туындысын өмірге әкеледі. Күн қабағы құбылғанмен жер шарындағы адамзат баласының бір-біріне деген мейірім шуағы тұнық күндей жадырап тұрсын. Себебі бұл – нұр көктемнің хабаршысындай көрікті сәуір айы.

Г.Асқарқызы