«Елбасы медалі»: Қызылордада 52 қатысушы грантқа ие болды
Қызылорда облысы бойынша «Елбасы медалі» жобасының 52 қатысушысы ҚР жоғары оқу орындарына білім гранттарын алды.
Қызылорда облысының атынан Елбасы медалінің иегері атанған 52 жоба қатысушысы ҚР жоғары оқу орындарына білім гранттарын алды. Енді олар ұлттық бірыңғай тестілеуде және «Елбасы медалі» жобасында жоғары баллдардың арқасында тегін оқи алады.
Естеріңізге сала кетейік, «Елбасы медалінің» иегерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұпайлары тең болған жағдайда білім беру гранттарын алуға басымдық берілді.
Еліміз бойынша барлығы 605 медаль иегері грант алды.Гранттардың ең көп бөлігін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда және Павлодар облыстарынан келген болашақ студенттер алды. Ал жүлдегерлер арасында ең танымал оқу орындары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Сүлеймен Демирел атындағы Университет және Astana IT University.
«Биыл мен таңдаған мамандыққа грант аз бөлінді. Ең төменгі өту баллы 125-тен 123-ті құрады. Мұндай жоғары бәсекелестікке таң қалдым. Алайда, өткен жылы «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысып, қола медаль алдым. Бұл медаль маған грантқа түсу кезінде басымдық берді», – деді Instagram парақшасында жаңалығымен бөліскен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің талапкері Динара Болатова.
«Елбасы Академиясы жобаларының әрбір қатысушысы – біздің мақтанышымыз. «Елбасы медалі» жобасы дарынды жастардың, әсіресе ауыл балалары үшін болашақ табыстарға жетуіне маңызды қолдау болатынын көріп отырмыз. Жақын арада осы мақсатта тағы да бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір жас қазақстандықты жобаларға қатысуға шақырамыз», – деді «Елбасы Академиясы» КҚ директоры Асланбек Амрин.
«Елбасы медалі» жобасына барлығы 21 мыңнан астам бала қатысады. Оның ішінде 6 078 қатысушы бағдарламаны аяқтап, қола және күміс медальдарға иеленді. Естеріңізге сала кетейік, бұл – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жоба. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, саяхат мен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
2021-2022 оқу жылындағы Елбасы медалі мен білім беру гранттары иегерлерінің сандық деректері

№ | Облыс атауы | Елбасы медалі мен білім гранты иегерлері |
1 | Ақмола облысы | 15 |
2 | Алматы облысы | 27 |
3 | Ақтөбе облысы | 18 |
4 | Атырау облысы | 11 |
5 | Батыс Қазақстан облысы | 21 |
6 | Маңғыстау облысы | 39 |
7 | Шығыс Қазақстан облысы | 27 |
8 | Жамбыл облысы | 9 |
9 | Қарағанды облысы | 18 |
10 | Қызылорда облысы | 52 |
11 | Түркістан облысы | 13 |
12 | Қостанай облысы | 28 |
13 | Павлодар облысы | 43 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысы | 29 |
15 | Нұр-Сұлан қаласы | 64 |
16 | Алматы қаласы | 137 |
17 | Шымкент қаласы | 54 |
Барлығы | 605 |