Жұрт балаларына елде жоқ есімдерді қоюда
Қазақстандықтар елдегі маңызды іс-шараға байланысты балаларына есім береді. Бұған Статистика комитетін шығарған ресми деректер куә деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Статистика комитетінің мәліметінше, елде Саммит, Саммита, Самит, Самита сынды 66 ер және 16 әйел есімі бар екен.
Азиада, Азияда деген есім 56 қыз балаға берілсе, 13 адамның аты Нұрлыжол.
Ал Бәйтерек деген 54 адамның аты болса, 37 ер адамға Елбасы деген ат қойылған.
24 ер адамға Отан деген есім берілсе, елдегі 13 әйелдің аты Теңге. Сонымен қатар елімізде 10 Қазақстан және 10 Нұротан өмір сүріп жатыр.
Ал тәуелсіздік жылдарында 10 адамға Астана есімі берілген екен.
Қызықты есімдердің ішінде Мәңгілік, Ақорда деген аттар да бар. Ал бір қазақстандықтың есімі - Атазаң.
Айта кетейік, былтыр өткен "EXPO-2018" халықаралық көрмесі кезінде туылған бір балаға "Бәйдібек ЭКСПО" деген есім берілген еді.
Пікір 1