Бесік – ұлтымыздың ұясы
Өз болмысын сақтаған ұлт жоғалмайды. Жер бетінен жойылып кеткен ұлттың көбінің алдымен тілі, содан соң ділі жоғалған, сөйтіп басқа ұлттарға жұтылған. Өз қанын, жанын қасіретке өз қолымен байлап, азғындалған халықтар да көп. Оларға зауал Алладан болған. Мәселен, Жаратушының өзі кешіре алмаған өте ауыр күнәлары үшін аспаннан жаңбырша жауған тастың астында қалып, тұқымы құрып кеткен Лұт қауымы.
Қазақтың да басына Алла көп сынақ берді. Бірақ халқымыз сол сынақтардан аман өтті. Қанқұйлы соғысты да көрді, аштық нәубетін де көрді, қуғын-сүргінге де ұшырады. Бірақ сол қилы замандарда елдің бірлігі бұзылмады. Туысқандығын, татулығын сақтады. Жасы қариясының ақылын алды, қарттар жастарға сенді. Одан беріде "бөліп ал да, билей бер" деген ұран-ұстанымдағы отарлау саясаты басталды. Бас көтергендерді "халық жауы" атандырып атты, асты. Сөйтіп қазақты орыстандырып алғысы келді. Алайда, қазақ ол қанды құрықтан да бұлқынып, босап шықты.
Егемен ел болғанда жанары боталап жылаған үлкендерді көрдік. Тілімен, дінімен, салт-санасымен қайта қауышатын күн туғанына қуанған екен олар. Бірақ егемен ел болдық, тіліміз тірілді, дініміздің шырағы қайта жанды деп жанары суланған сол үлкендердің қуанышы ұзаққа созылмады. Арампиғылды топтар асыл дінімізді пайдаланып, халық арасында "арабтандыру" саясатын бастап жіберді. Ұлт ретінде "тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман қалған" халқымыз, оң-солын танымаған қазақтың жастары өз қағынан жеріп, ата-бабасының жолынан адаса бастады.
Тәрбие басы – талбесік. Аттың жалы, түйенің қомында жүріп көбейген көшпелі халықтың тұрмысында бесіктің орны ерекше, атқарған қызметі де айрықша. Бір кездегі қазақ даласының тәрбиесі мен демографиялық көрсеткіші тікелей осы бесікке қатысты болған. Хан да, қара да, батыр да, ақын да, жыршы да, күйші де, ғалым да, ғұлама да, данышпан да, әулие-әнбие де өсіп-өнген тал бесік тек сәбиді әлдилеу үшін қажет болды десек, қателесеміз. Бесіктің тазалығы, жайлылығы, жылылығынан бөлек, оның басқа да қасиеті көп.

Баланы бесікке бөлеудің пайдасы зор. Біріншіден, ана құрсағында жатқанда-ақ тоғыз ай бойы тербеліп, шайқалып жетілген шақалаққа жарық дүниеге келгенде де сондай қозғалыс қажет. Ал оны тек бесік қана атқара алады. Екіншіден, құс қанатынан салқын тиетін нәресте үшін жылы, жайлы әрі таза жатады, үшіншіден, ұйқысы тыныш болады, жүйке жүйесі дұрыс дамиды, төртіншіден, қауіпсіз әрі баланың омыртқа жотасы мен қол-аяғы түзу өсіп жетіледі. Сонымен бірге бесікте өсіп-жетілген баланың мінезі де орнықты, сабырлы болатыны дәлелденген.
Бесік экологиялық тұрғыдан да зиянсыз. Бабаларымыз бесікті қарағайдан немесе қайыңнан жасапты. Бір қызығы, бесікті шеге арқылы ұстатпаған. Бөліктері бір-біріне кірігіп, бірігеді. Шүмегі де кәрі жіліктен жасалады. Демек, бұрынғылар шеге, сым секілді тот басып қалатын нәті темір нәрселер бесікте жатқан балаға ауыр болады деп санаған.
Бауыржан Момышұлы "Бесік тербетпейтін, сәбиіне бесік жырын айта алмайтын анадан қорқамын" депті. Қазіргі келіндердің дені баланы бесікке бөлеуге қарсы. Еуропаның сандалған психологтары мен дәрігерлерінің дәлелсіз кеңестерін әлеуметтік желіден тыңдап алып, жасқа толмаған баласын бесіктен ажыратып алған келіншектерді де естідік. Сылтауы, баланың өкпесі қысылып, қабырғасы майысады, миы шайқалады-мыс.
Кешегі қаһарлы хандар, айбарлы батырлар, бұла күшімен әлемді таңғалдырған алыптар сол қасиетті талбесікте тербеліп өскен жоқ па еді?! Бесіктен шыққан балаға тәулік бойы памперс кигізуге тура келеді. Ал баланың тазалығы үшін тұтынатын осы бір жасанды жөргектің бала денсаулығына тигізетін залалы жайлы мамандар тарапынан айтылып та, жазылып та келеді. Бірақ құлақ асып жатқан ата-ана жоқ. Баласының сәт сайын былғап қоятын жаялығын ауыстырып, жууға ерінген әйелдер дайын жөргекті сатып алғанды жөн санайды. Ылғалды сіңіріп алу үшін ауа кірмейтін материалдан жасалатын памперстің құрамында химиялық заттар бар. Бірақ соған қарамастан қазір дүкендердегі ең өтімді тауар да сол.
Сөз басында халқымыздан шыққан қаһарман Бауыржанның сөзін жаздық қой. Расында, бесік жырын білмейтін аналар бар қазір. Тәрбие – талбесіктен. Бесік ұлттық тәрбиенің бастауы. Ана мен баланың арасындағы рухани байланыс бесіктен басталады екен. Бесік тербетіп отырған ана сәбиін әлдилеп, бесік жырын айтады. Әлди жырының әуені де жұмсақ, құлаққа жағымды және тек жылы сөздерден құралады. Ол сөздер ана жүрегінің мейіріміне малынып шыққанда тіпті жұмсарып, әсері күшейеді. Сөйтіп бесіктегі сәби санасына ана тілі мен ұлттық әуенді сіңіре береді.
Ел боламын десең, бесігіңді түзе. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов өткен ғасырдың өзінде осылай депті. Бұл бесікті жай ғана ұлттық құндылық ретінде дәріптеу үшін айтылған сөз емес. Аңдаған адам астарында еліміздің ертеңгі тағдыры таразыға тартылып тұрғанын ұғынады. Ендеше, ел боламыз десек, ұрпағымызды бесіктен ажыратпайық. Бесік көрген ұрпақ қана өз болмысын сақтайды. Бесік – ұрпақтың ғана емес, бүтін ұлттың алтын ұясы. Сол ұя бұзылса, ұлт та жоғалады.
Биыл наурыз мерекесі қарсаңында ауданымызда келіндер сайысы болды. Сол сайыстың ережесінде қатысушыларға отбасында немесе әулетінде сақталған көне жәдігерлерді жинақтап, таныстыру тапсырылыпты. Көрмеге қойылған көне заттардың ішінен кішкентай ғана бесік көзге түсті. 1932 жылы ұстаның қолымен жиде ағашынан жасалыпты. Сынбаған, бүлінбеген. Тұла-бойында бір шеге жоқ.
Бұл бесікте белгілі ақын Мәлік Аяпов бөленіпті. Содан бері әлі күнге дейін қолданыста келеді екен. "Құдай қаласа, таяу арада біздің баламыз да осы бесікке бөленеді", – деді сайысқа қатысушы жас келіншек.
Ата-баба жолын сақтап, ұлттық құндылығын көзінің қарашығындай қорғап, атасы бөленген бесікті қастер тұтқан жас келіншектің сөзіне тебірендік. Жақында ғана әлеуметтік желіден бүтін бесіктің қоқыс жәшігінде жатқанын көріп, жанымыз ауырып еді. Ғасырға жуық тарихы бар көне бесікті сарайына шығарып тастамай, қастерлеп төріне қойған болашақ анаға қарап жұбандық.
Қуат АДИС