СӘБИТ ИМАНҒАЛИҰЛЫНЫҢ 80 ЖАСҚА ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН «ЕҢБЕГІ ЕЛГЕ ӨНЕГЕ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Салтанатты шара тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, кемеңгер тұлғалы, сонысымен де елінің көшелі бір қайраткері, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Сәбит Иманғалиұлы туралы дайындалған бейнероликтен бастау алды.
Сексен жылдық ғұмырнамасында халқымыздың киелі, асыл дәстүрлерін азаматтық ұстанымымен дамыта жалғастырған Сәбит Иманғалиұлы бірқатар басшылық қызметтерді абыроймен атқарып, өнегелі ғұмырында ұлы мамандық иесі - ұстаздықтың даңғыл да ғибратқа толы сара жолын қалыптастырған.
Онымен қоса, 10 мың сөзден тұратын «Орысша-қазақша сөздік», «Қызылорда көшелері», «Алматы көшелері», «Жалағаш көшелері», «Астаналарды асқақтатқан тұлғалар» атты кітаптардың авторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 2009 жылы Қызылорда облысының 70 жылдығы, Қызылорда қаласының 190 жылдығына арналған мерекелік медальдармен, 2011 жылы ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімінің және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ел мүддесін әркез биікте ұстаған, дара жолы көпке ғибрат, ақын, жазушы, ұстаз Сәбит Иманғалиұлын аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Ерданұлы, Жалағаш аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Кенжеғара Сүлейменов, Мәдениет ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерділдә Рахметұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер саласының Құрметті қызметкері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Әмірбек Шаймағанбетов, «Аманат» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Қаншагүл Шоңмұрынқызы, білім саласының ардагерлері, замандастары Дина Нұржанқызы, Рабиға Кәрімбайқызы, құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік шара барысында оқушылар арнау өлеңдерін жеткізіп, ағамыздың түрлі тақырыпта қалам тартқан туындыларын оқып берді. Мерейтойға арналған әсем әндер шырқалып, өнер мектебі оқушыларының «Ұлт аспаптар ансамблі» күй шертті.
Салтанатты шараның соңында мерейтой иесі және өмірлік жары Зүбайра Қыстаубайқызы кездесуге қатысушыларға алғыстарын білдірді.