ІТ алаңы – мүмкіндікке жол ашады
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада ІТ парк шығармашылық алаңы ашылды. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, алаң жұмысымен танысты. Аймақ басшысы шарада цифрландыру заман талабы екенін, жаңа технологиясыз жетістікке жету мүмкін еместігін айта келе, ІТ алаң жұмысына сәттілік тіледі.
Жиында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова аймақты цифрландырудың маңызы мен қолға алынған шаралар жөнінде кеңінен айтып өтті. Сонымен бірге барлық саланы цифрландыруды жүзеге асыру мен оның тиімділігі, атқарылуға тиіс жұмыс жоспары таныстырылды.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 міндеттің жетеуі салаларды цифрландыруға бағытталған. Осы орайда облыс әкімінің басшылығымен аймақ делегациясы үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ресейдің Қазан қаласына жасаған сапарында ІТ-парк қызметімен танысып, бұл бастаманы Сыр бойында да жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен бірге өткен жылы облыста алғаш рет ұйымдастырылған «HackDay-2017» фестивалі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында талантты жастардың көп екенін дәлелдеді, бізде ІТ парктің құрылуына түрткі болды.
ІТ алаңы талантты жастардың ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласындағы стартап жобаларын қолдау мен дамытуға жол ашады. Мұндағы техникалық-лабораториялық шеберханаларда түрлі робототехникалық прототиптердің өндірістік жобаларын әзірлеу мен тестілеуге, лабораториялық симулятор, контроллер мен видеопанельдерде 2D, 3D графикалық жобалардан VR\AR технологиялар бойынша бастамалар әзірлеу, өндірістегі қолданысын тестілеуге мүмкіндік бар. ІТ жобалардың дамуы мен технологиялық тиімділігін арттыру бойынша коворкинг орталығы қызметін, ІТ академиялық оқу орталығының базасында түрлі бағдарламалық оқу курстарын іске қосуға және ақпараттық-бағдарламалық өнімдер жасап шығаруға болады. Өндіріс және облыс дамуының салаларын автоматтандыруға, оларға қызмет көрсетуге ықпал етеді.
Бұл алаң жастардың ІТ саласына деген қызығушылығын арттырып, білімін жетілдіреді. Мұнда келушілердің шығармашылық дамуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Заманауи компьютер-моноблоктар, техникалар мен шеберханасы бар.
Елбасы еліміздің экономикалық -әлеуметтік жағдайын жаңартудағы ең басты өзекті мәселе – экономиканы цифрландыру керектігін мақсат етіп қойды. Цифрландыру – адам атқаратын жұмыстарды жасанды интеллектіге арту деген сөз. Қазіргі кезде дамыған батыс елдерінде, сондай-ақ, Оңтүстік Корея, Жапония, Малайзияда жасанды интеллект құралдарының немесе, қарапайым сөзбен айтсақ, өндірістегі роботтардың салмағы артып келеді. Болашақта адам еңбегінің кейбір түрлерін роботтар алмастыруы мүмкін. Бұл – ғылыми-техникалық прогрестің дамуынан туындаған заңды көрініс.
– ІТ алаңының бірінші мақсаты жас таланттарды жинақтау, солардың басын қосу арқылы үлкен жобаларды табу. Сондықтан жастарды тәрбиелей отырып, стартап жобаларын дамыту, гранттық жобаларға тарту арқылы мүмкіндіктер беру керек. Жалпы бұл ІТ алаңда жастарға консультативтік кеңестер беріледі, бизнес құрылымдары өкілдерімен кездесуге арналған орындар бар. Мәселен, мұнда келушінің қандай да бір идеясы болса, алдымен тіркеуден өтеді. Жұмыс орны мен техника, интернет беріледі. Жас ерекшелігіне ешқандай шектеу жоқ. Тек осы алаңда идеясы мен ІТ жобаны қорғайтын потенциалы болса, әрі қарай дамытуға күш саламыз. Сондай-ақ, қазақстандық, шетелдік мамандар мастер класс ұйымдастырады. Арнайы курстарда біліктілігін арттырамыз. Бір сөзбен айтқанда, жастардың жобасын қолдауға жағдай жасалады, – деді И.Ақжігітова.
Шарада қалалық Оқушылар сарайындағы «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Раушанбек Сариев үйірменің 2015 жылы қыркүйек айында облыс әкімінің бастамасымен ашылғанын айтты. Қазір онда 40-қа жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың еңбектері облыстық, республикалық сайыстарда топ жарып жүр. Жетілдіретін қаншама жоба да бар. Жас өрендердің идеясын дамытатын барлық құрал-жабдықтар жеткілікті. Робототехниктің жұмыс жасау орны, аппараты сатып алынған. Үйірмеде жас өнертапқыштар түрлі робототехника жасап шыққан. Үйірме жетекшісінің айтуынша, ашылған ІТ алаңының жастар үшін маңызы зор. Р.Сариев шәкірттерінің осында келіп шығармашылықпен айналыса алатынын қуанышпен жеткізді.
Жыл басынан бері «Ақылды басқару» жобасын республика көлемінде Қызылорда облысы еншіледі. Соның аясында 47 жоба нақты бюджет есебінен белгіленді. Дайын жобалар болса, осы алаң оның таралуына, қаржыландырылуына мүмкіндік береді.
Сара АДАЙБАЕВА,
«Сыр бойы».