» » » ИІНІ ЖҰМСАҚ ИТ ЖЫЛЫ

ИІНІ ЖҰМСАҚ ИТ ЖЫЛЫ

Қолданыстағы Григорьян күнтізбесі бойынша ит жылы келіп кірді.
Тарихта – 1910, 1922, 1934, 1946,1958, 1970, 1982, 1994, 2006 жылдар ит жылы болды. Осы жылдардың табиғи, саяси,әлеуметтік, рухани бет-бедерін көргіңіз келіп, шежіресін ақтарсаңыз, үш жаманға, жеті жақсыға жолығасыз. Есеп-қисап тілімен айтсақ, жылдың 70 пайызы жақсы істерге толы болмақ.
Біздің айтпағымыз – ит жылының қасиеті мен мінезі.
Жаңа айтып өткеніміздей, ит жылы жайлы жылдар қатарына жатады. Пәлсапа парыққа терең қазақ жыл атауларын жануарлардың жаратылысына қарап шығарған. Халқымыз осы байламын өзінің мақал-мәтелдерінде, салт-дәстүрінде көрсетіп береді. Мысал келтірейік: «Итті тепкен, ырысты тебеді». Неге бұлай айтылды екен? Себебі ит өзінің иесіне ырыс тілеуші немесе ырысын, байлығын қорғаушы. Сондықтан да оны жеті қазынаның біріне санаған. «Ит тілеуі бір күшік» дейді. Неге? Өйткені ит күшігін асыраса,одан басқаға құнықпайды. Есіктен қарағанмен, төрге шықпайды. Бұл адамға қарата айтылғанда қанағат пен шүкірді аттама деген сөз. «Ит күшігім десең, аузыңды жалайды», бұл не дегені? Ит өзін сыйлағанды ешқашан ұмытпайды. Оның адалдығын иелену үшін басынан сипаудың өзі жеткілікті.
Ит жаужүрек, егесі барда ештеңеден қорықпайды. Иттің тегі көкбөрі, жаны үшін ешқашан бас имейді. Жартасқа шығып, айға қарап ұлып тұрған көкбөрінің символдық суретін талай көрген шығарсыз. Айға қарап ұлуы көктегі тәңірден басқа ешкімге мұң шақпаймын дегені. Мұндай қайсарлық басқа ешқандай тағы аңда кездеспейді. Ал, қанденді қарсы пікірге алмай-ақ қойыңыз.
Ит жылының төлі туабітті батыр, ержүрек ұландар болады. Алысқа бармай-ақ, қазақтың Бауыржан Момышұлын, Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүкті, немістер «түнгі аспанның мыстаны» деп зәресі қалмаған ұшқыш Хиуаз Доспанованы, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдиновті, тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровті айтсақ та, басқа дәлел іздеудің өзі артық.
Міне, байқап отырсаңыз ит жылы иі жұмсақ жыл болумен қатар ер жүрек адамдарды дүниеге әкелетін қайсарлық пен қайраттылықты тініне сіңірген жыл екен. Сонымен бірге жұлдызшылар жеке адамдардың өмірі ит жылында тосын сыйларға толы болады деп болжап отыр.
Жақында белгілі көріпкел Бақыт Жұматова ит жылында қаржылық қиындықтар болмайды, оңтүстіктегі облыстар әлеуметтік тұрғыдан дами түседі деп біздің облысымыздың атын атады. Біз үшін бұл да үлкен қуаныш алып келген жыл сыйлығындай сезілді.
Келген жыл кенен жақсылықтарға кенелтсін, ағайын.

Д.АЯШҰЛЫ.
09 қаңтар 2018 ж. 1 234 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930