Елбасы бастамасының мүмкіндіктері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қазір Қазақстан бойына күш жинаған, қазынасында мол қаржы жиған, қуатты елге айналғанын айтып, өзінің 5 әлеуметтік бастамасын ел халқына ұсынды. Бұл бастамаларды жүзеге асыруға еліміздің әл-ауқаты жететінін айтып, бастамаларды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді. Елбасы ұсынған бастамалар еліміздегі кейбір әлеуметтік мәселелердің шешілуіне жол ашпақ. Атап айтқанда, баспанасыз жүрген азаматтардың қолжетімді төлем қабілетіне сай баспана алуына үлкен ықпалып тигізбек. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмен жалақы алатын азаматтардың да жеке табыс салығы 10 пайыздан, 1 пайызға дейін азайтуды ұсынды. Бұл төмен жалақымен өмір сүретін отбасыларға тапқан ақшасын отбасы қажеттіліктеріне жұмсауына мол мүмкіндік беріп отыр.Елбасы өз бастамасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қатысты бірқатар жаңа бастамаларын айтты. Әрине, кәсіпкерлік экономиканы дамытудың өзегіне айналуы тиіс. Сондықтан Елбасы кәсіпкерлікті дамытуға бөлінетін бюджет қаражаты 2018 жылы 20 миллиард теңгеге көбейгенін айтып, жұмыссыз жүрген, өз кәсібін ашуға ниетті азаматтарды да қуантқаны рас.Сөзінің соңында Елбасы «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген сөзді тиек етіп, осы бастамаларды жүзеге асыруда елдің бірлігі қажет екенін жеткізді.Белсенді жас Айдос Қожамұратов Жаңалықтар / Руханият 25 мамыр 2018 ж. 694 0