» » » АНТ МЕЗГІЛІНДЕГІ АТ СЫНЫ

АНТ МЕЗГІЛІНДЕГІ АТ СЫНЫ

Жанұлы есімді түпнағашым 2003 жылы 92 жасында дүние салды. Әжем Қазинадан он жас кіші еді. Біз ес білгелі ылғи салтатты жүретін. Өмір бақи аттан түспеген кісі деседі жұрт. Ат сырын өте жақсы білетін атбегі кісі тұғын.

Бекқұлы баласы Жанұлы ақсақал 1911 жылы Сыр бойы табындарының ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі, Байқадам батырдың немересі, болыстық, уездік сот қызметтерін атқарған Бекқұлы Сейілов. Ол кісімен бір күнде құдасы Күнжігітұлы Шөмекей мен күйеу баласы Шөмекейұлы Піржан да мал-мүлкімен 1928 жылы тәркілеуге ілінеді. Үшеуі 1929 жылы Ақтөбе қаласының абақтысына қамалады. Бір жылдан астам уақыт түрмеде қамалып, тергеу жұмыстары жүреді. Бекқұлы, бірнеше жыл бойы уездік сотты басқарғандықтан Ақтөбе түрмесінде өз-өзін және құдасы мен күйеу баласын тергеу кезінде ақтап алып, үшеуі елге аман-есен оралады.
Бекқұлы баласы Жанұлы соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі жылдары Ақсу ауылы көлемінде болған Жаңаталап колхозы басқарма төрағасының орынбасары, Жас қайрат колхозының басқарма төрағасы, партия ұйымының хатшысы, колхоз председателі қызметтерін атқарды.
Ол. Қызыл Армия қатарында атты әскер дивизиясында взвод командирі лауызымында соғысады. Бес қаруы сақадай сай, темірдей құрсауланған неміс техникасына, негізінен қазақ-башқұрттардан құралған бұлардың кавалериясы жалаң қылышпен тікелей шабуылға шығады екен. Взвод командирі, гвардия лейтенант шеніндегі Жанұлы, осындай шабуылдардың төрт-бесеуіне қатысып екі рет ауыр жараланады. Одан соң шаруашылық қызметіне ауыстырылып, ат арбамен солдаттардың ас-суын тасымалдайды. Бұнда да бомбылаудың астында қалып, ескі жарақаты асқынып, алты ай госпитальде емделіп, елге қайтарылады.
Елге келген соң, майданнан алған жарақаттары кесірінен тұрып-жүруі қиын болғандықтан аудан басшылары оның астына қызметтік ат мінгізеді. Егістіктерді, қырманды атпен аралайды.
Астындағы аты өте асау болған деседі. Осы асауды жаралы председатель сау қолымен өз ығына көндіріпті. Жылқы болса басқа ешбір адам баласына ырық бермеген екен. 1990-шы жылдары, бұл кісіні жақсы танитын адамдар:
– Жәке, сіз жылқының тілін білесіз-ау. Соғыс кезінде астыңыздағы ат тек сізге ғана көнетін еді. Осының сыры неде?- дейді. Сонда Жәкең:
– Жоқ, олай емес! Ат сырын менен де жақсы білетін бір адам көрдім, ол Қарауылбек деген көкелерің. 1944 жылдың бір түні, соғыстан жараланып, елге келген кезім. Ел жағдайы нашар, жартылай аштық. Аштан бұратылған балаларына бір уыс бидай ұрлап, ұсталғандар итжеккенге айдалып, ол жақтан тірі оралмайтын. Байимын деп емес, аштан өлмеу үшін ғана ұрлық жасайтын ол кездің адамы. Сондайларды көре тұра көрмеген боласың. Бәрі ағайын-туыс. Жұрт көзге ұрсып, керек болса ұрып-соғып, төмпештеп аласың. Тапқан-жиғанның барлығын майданға жөнелткен ел тұрмысы жоқ-жұқа сол кезде колхоз басқарып жүргенмін.
Түн мезгілінде жылқым біреуді бөтенсініп осқырынды. Тысқа шығып, ат қорадағы атыма келдім. Осы уақытта қараңғы түн ішінен, астымдағы асауды әлге ағайыным сұрап келді.
– Жанұлы, атыңды бір мезгіл бере тұр, таң атпастан қайта әкеп тастаймын. Қатын ауру, балалар болса аштан шектері бұратылып барады. Балдарым Құдайдың құтты күні көзіме телміріп қараған сайын кірерге жер таппаймын. — деп, өткір жанарымен тесіле қарап, сыбырлады.
Астымдағы жылқы өкіметтікі, өзім колхоз председателімін. Жағдайын айтып тұрған туысымның бетін қайтарып тастасам адамгершілік қасиетім жоғалады. Сәл ойланып:

– Ау, бауырым-ау! Саған бұл асау ырық береді ме? Жарты жолда лақтырып кетіп, қылмысымыз әшкере болса, екеуміздің хал-жағдайымыз не болмақ?!- дедім.
Ол, адам баласын маңайына жолатпайтын асауымның қасына; «-мох-мох!» деп, жақындап келіп, аттың омырауы мен маңдайын сипалағанда, жануар шіркін, тырп етпестен тұра қалды. Дереу атты ертеп, қойнына жасырылған төрт бөлек киізді ат тұяқтарына байлап алып, айсыз, тас қараңғы түн ішіне сіңіп кетті. Ол келгенше, көз ілмей шықтым.
Бір кезде ат салмағының дүрсілін сезіп тысқа шықтым. Ат қораға кірсем, туысым ат үстінен екі қап бидайды түсіріп, аттың ер-тоқымын алып, терлігене тартпа тартып жатыр екен. Атымның арқасын ұстасам, күйіп тұр.
-Жанұлы, мынау саған? Ал!- деп сыбырлап, бір қапты иегімен нұсқап, екінші қапты иығына салып алып, үйіне кете бере:

– Бұл жақсылығыңды ұмытпаспын.- деді.
– Міне, отбасы аштан бұратылып жатқан туысыма атты бермесем жат болам. Егер берсем, өкімет, екеумізді де жоқ қып жіберетін заман еді. Құдай қарасып арты жақсы болды. Жылқы дегенде ол кісінің мысы менен де басым еді.- деп, ат сырын жақсы түсінетін туысы туралы естелігін айтып берген болатын кейінгілерге.
Соғыстан кейінгі жылдары Жәкең өндіріс бригадирі, аудандық сауда бөлімінің меңгерушісі. Зейнеткерлікке шыққаныннан кейін және Кеңес өкіметі ыдырағанға дейін аудандық дайындау мекемесінде дайындаушы болып жұмыс істеп, аттылы жүретін.
Түпнағашымның үйі кентіміздің солтүстік-шығыс жағындағы Шаңқай бөлігінде тұғын. Орталықтан қайтарда біздің үй тұсынан өтетін.
Бірде, дарбазадан шыға сала асфальт жиегімен үйне қарай салтатты кетіп бара жатқан түпнағашымды көрдім. Сәлемдесейін деп едім, үй жағымыздан өтіңкіреп кеткен екен. Ту сыртынан амандаспай-ақ қояйын деп, тұрған жерімнен қозғалмай, әкем нағашысының ат үстіндегі тік отырысына қызығып қарап қалыппын. Астындағы атын қамшы сипалай ғана жорғалатып кетіп бара жатқан Жәкеңнің қолындағы қамшысы кілт түсіп кетті. Түскі ас кезі болғандықтан ба, жақын маңда олай-былай өткен адамдар жоқ еді. Үлкен кісінің затын алып берейін деп солай қарай жүре бергенімде, Жәкең, ат басын жерде жатқан қамшыға қарай сәл ғана бұрып, еңкейіп, алғысы келгенімен қамшыға қолы үш-төрт елідей ғана жетпей қалды. Аты болса алға қарай жеті-сегіз қадамдай жылжып кетті. Шалт қимылмен ат тізгінің қамшыға қарай қайта бұрып келіп, екінші рет еңкейгенде қамшыны іліп әкетті. Тоқсан екі жасында ат үстінде отырып жердегі қамшысын алған қарияның жас кезіндегі тақымының мықтылығын өздеріңіз-ақ шамалай беріңіздер.

Жаңа жылдың 5-6 күні өткен соң түпнағашым төсек тартып қалды. Балдарын жинап алып, жарақты-ау деген жылқыларының күйін сұрайды. Қаратөбел айғырдан басқасы союға жарамайтының білген соң:
– Мен дүние салғанда, пәленбай адам келеді. Ұсақ, қара малдан бөлек, кемі екі жылқы сойылады. Бір жарақты жылқыны ағайындар көтерер. Екінші сойылатын қаратөбел айғырды бүгіннен бастап жемге байлаңдар. Күйі болыңқырамағанымен сүйегі ірі, әрі жас жылқы, тез салмақ қосады. Қырық күн ішінде қабырғалары түгел жабылып, кемі бармақ елі қазы береді. Ол жылқыға қарау, сенің міндетіңде болсын?!-деп, бұл жылқыны баптауды бір ұлына тапсырады.
Күн өткен сайын араздасуға келген ағайын-туыс көбейе береді. Ұрпақтары, кезек-кезек, хәл үстіндегі әкелерін күзетеді. Күзетіп отырған бұларға:
– Мені түнде күзетпей-ақ қойыңдар. Ана жаққа күндіз аттанамын?!-дейтін көрінеді. Бір күні:
– Құдай қаласа, Алла тағала құзырына ертең түске таман аттанармын?!-деп, бағулы жылқыны терезенің алдына әкелінуін және өзін көтеріп, терезе тұсына апаруын ұлдарына бұйырады.
Жылқы бабын терезеден көрген бойда, «қайта жатқызыңдар!» деген ишара білдіреді. Тынысысәлреткекелгенсоң:
Қаратөбелдіңбірқабырғасытолықжабылмайқалыпты. Жем-суберууақытынбіреркүнбұзыпалғанекенсің!- деп, осыжылқығажауаптыұлынабірқарапты.
Солкісініңайтқаныдәлкеліп, ертесіне, яғниақпаныайныңонбесікүнідүниесалды.
Әлгібаласы, «-Шынымендеекі-үшкүнжылқығадұрысқарайалмайқалыпедім»-деп, кейінмойындағанекенөзағаттығын.
Хәлүстіндежатқантоқсанекідегіқария, өмірініңеңсоңғыкүнінешейінжылқыныңбап-күйінжақсыбілгенітаңдайыңдықақтырады.
Сондабұл, адамбойынатуабіткенқасиетпе, әлдеөмірбойыжылқыүстіндеөткенатамқазақтың, алашоғлыныңбойындағықасиетіме?
Марат ШӨМЕКЕЙ,
Жалағаш ауданы.
13 шілде 2018 ж. 1 191 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30