"ЖАС ОТАНДА" ЖАҢА БАСШЫ
Бейсенбіде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық бөлімшесінің кезектен тыс есеп беру-сайлау жиыны өтті. Басқосуға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілесов, өңірдегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ерхан Бақбергенұлы, сондай-ақ, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, белсенді жастар қатысты.
Жиында күн тәртібіндегі екі мәселе қаралды. Алдымен, "Жас Отан" Жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімшесі тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беру хабарламасы тыңдалып, «Жас Отан» ЖҚ бөлімшесінің жаңа басшысы сайланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева аудандық бөлімшенің атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық баға беріп, өткізілген шараларға тоқталды. Келесі мәселе бойынша "Жас Отан" Жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысына Нарбота Серәлі кандидатурасы ұсынылып, кеңес мүшелері бір ауыздан мақұлдады.
– Нарбота Серәліұлы – 1996 жылы М.Шәменов ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. «Шаменов серілері» жайдарман тобының белсенді мүшесі болып төрт жыл қатарынан Жалағаш аудандық Жайдарман ойындарының финалдық сайысында өнер көрсетіп, «Үздік ойыншы» атанған. 2012 жылдан бастап «Жас Ұлан» балалармен жас өспірімдер ұйымының мүшесі. 2014 жылы Қызылорда Гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенті атанып, колледжде Қызылорда Облысының жастары Парламентінің депутаты, Қызылорда жастар театрының актері, Ұлағат Ұландары педогогикалық отриядында тәлімгер, «ҚГЭК құрамасы» жайдарман тобының капитаны, «Жасыл ел» жасағын капитаны болып белсенділікпен колледжді үздік тәмамдаған. Өткен жылы «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі болып қызмет атқарған. Ол Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы, мемлекеттік тіл мәртебесін көтерудегі, еліміздегі еріктілер қозғалысын дамытудағы, еліміздің көркеюі мен аймағымыздың дамуындағы еңбектері үшін қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталды. Сондықтан, көшбасшылық қасиеті бар екенің ескере отырып, «Жас Отанның» жұмысын одан әрі жандандырады деп сенім білдіреміз, – деді көпшілік алдында Нарбота Серәлінің кандидатурасын ұсынушылар.
Осылайша, жасотандықтар Нарботаны бір ауыздан басшы етіп сайлады. Жаңа басшы өзіне сенім білдіргендерге алғысын айтып, жүктелген міндетті абыроймен атқаруға жұмыс жасайтынын жеткізді.
Мұнан соң, жасотандықтар аудандық тарихи-өлкетану музейіне барып, мекеме жұмысымен танысты. Белсенді жастар тарихи жәдігерлерді көзбен көріп, егемен елдің өткені мен бүгінінен сыр шертетін құнды материалдар туралы мағұлматтарға қанықты. Шара барысында белгілі жас жырау Думан Ахметов ән-жырдан шашу шашып, сыр сүлейлерінің терме-толғауларын орындады. Сондай-ақ, олар аудандық кітапханадағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты. Онда жасотандықтар өз ойларын ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.