» » » Қазақтың ежелгі мерекесі ЮНЕСКО тізіміне енгізілуі мүмкін

Қазақтың ежелгі мерекесі ЮНЕСКО тізіміне енгізілуі мүмкін



ЮНЕСКО-ның үкіметаралық комитеті жылқышылардың дәстүрлі көктемгі мерекесін Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізу мәселесін қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы Алтай тілдерінде сөйлейтін туысқан халықтардың тарихы мен мәдениет зерттеуші ғалымдардың Бішкекте өтіп жатқан халықаралық конференциясында белгілі қазақстандық ғалым Эмма Усманова мәлім етті. Оның айтуынша, аталған мәселе 2018 жылдың қараша айына жоспарланған. Э. Усманова конференцияның халық ойындарына арналған секцияларының бірінде Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Терісаққан кентінде қазақ жылқышылары жыл сайын 1 мамырда тойлайтын тамаша дәстүрлі мерекесі туралы баяндама жасады. Мейрам «Бие байлау», «Айғыр қосу» және қымыз пісу сияқты үш бөліктен тұрады. Бұл мыңдаған жылдардан бері тойланатын ежелгі мереке. Еуразия құрлығында ол тек Терісаққан ауылында ғана сақталған. Сондықтан конференцияның, тіпті кейбір қазақстандық қатысушылары да бұл туралы алғаш рет естіді. Ғалымның баяндамасы шетелдік ғалымдардың қызу талқысына ұласты. «Қазақтардың дәстүрлі көктемгі мерекесі қазіргі мәдениеттегі бірегей феномен болып табылады. Оны Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізу ұсынылған. Қарашада ЮНЕСКО осы мәселені талқылайды», - дейді ғалым. Конференцияға 14 елден жиналған 160 ғалым қатысып жатыр.

29 тамыз 2018 ж. 889 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930