БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА
Облыста қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған лекторий өтті. Басқосуға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қатысты. Алдымен меймандар қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалады.
Өткен маусымда елімізде Ақмола облысынан ғылыми-ағартушылық «Қазақтану» жобасы бастау алған еді. Жоба идеясы ҚХА-ның XXVI сессиясында көтерілген болатын. Мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында барша қазақстандықтың ортақ мәдени коды, біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халықтың бірлігін нығайту. Мұнда этностар арасында қазақ халқының тарихымен, дәстүрін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге басымдық беріледі. Жиында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қазақ халықының қонақжайлылығы мен бауырмалдығын тілге тиек етті.
– Жаяуды көрсе – атын, адасқанды көрсе – төрін, ашыққанды көрсе – алдындағы асын беретін, аттың жалында, түйенің қомында жүрген қазақ халқы ежелден адамдарды діні, ділі, ұлтына бөліп қарамай, барлығын жақынындай көріп бауырына тартқан. Біз ұлттық болмыс дегенде салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды ғана емес, ұлттық мінез-құлық, адамгершілік қағидаларын да айтуға тиіспіз. Осы құндылықтарымызды көздің қарашығындай қорғап, заман талабына сай кәдеге асырған жағдайда ұлттық болмысымызды сақтап қалатынымыз анық, – деді Р.Рүстемов.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамдағы этносаралық келісімді сақтауға, ұлттық саясатты іске асыруға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосып келе жатқан институт. Ол татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепіліне айналды. ҚХА төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко қиын-қыстау кезде талайға пана болған Сыр еліндегі озық тәжірибелер мен үлгілерге тоқталды. Оның айтуынша, өңірде 80 медиация кабинеті, мен 344 қоғамдық медиатор жұмыс істейді. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылып, студенттер қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, мемлекеттілігі, этностық мәдениеттер, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлері жайлі білім алуда.
Басқосуда еліміздің зиялы қауым өкілдері үш жылға есептелген «Қазақтану» жобасының ұлт тұтастығына, ел бірлігіне апаратын қадам екенін жеткізді. Жазушы, әдебиет сыншысы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ вице-президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, жазушы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Мырзагелді Кемел, қоғам қайраткері, Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы Сәпен Аңсатов, республикалық «Айқын» газетінің директор-бас редакторы Нұртөре Жүсіп жобаның тиімділігі жайында ойларымен бөлісті. Шара аясында ҚХА-ның түрлі құрылымдарында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды.
«ЖЖ» ақпарат.