Берекет КӘРІБАЕВ. Хақназар хан жөнінде
Қазақ хандығы дәуірінің біртұтас кезеңі XV ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтыды. Ал Тәуке ханның өлімінен кейін екінші кезеңнің, бытыраңқылық кезеңінің басталғаны белгілі. 250 жыл уақытқа созылған алғашқы кезеңде Қазақ хандығында он жеті хан билікте болған екен. XV ғасырда үш хан (Керей хан, Жәнібек хан және Бұрындық хан), XVII ғасырда – бес хан, ал XVI ғасырда тоғыз хан биліктің тізгінін ұстайды. Осы XVI ғасырдағы тоғыз ханның бірнешеуінің ғана есімдері қазақ тарихында ерекше айтылады. Олар – Қасым хан, Хақназар хан және Тәуекел хан.
Аталған хандардың ел тарихында атқарған рөлдері ерекше. XVI ғасырдың екінші онжылдығында атақты Жәнібек ұлы Қасым хан қазақ мемлекетінің туын биікке көтеріп, бүкіл әлемге танытса, оның ұлы Хақназар хан сол ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысында хандықтың жығылған туын қайта көтерген, қазақ халқының басын біріктіруші тұлға ретінде тарихта қалды. Қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеушілердің бірі – В.В.Вельяминов-Зернов Хақназар ханды хандық тарихындағы «қайта өрлеудің» басты тұлғасы деп бағалайды. XIX ғасырдың 60-шы жылдары берілген бұл тарихи баға күні бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Сонымен қатар Хақназар хан Қазақ хандығының біртұтас кезеңіндегі тарихында ең ұзақ ел билігін ұстаған билеуші ретінде белгілі. Хақназар хан (парсы деректерінде – Хакк-Назар, Хакназар, орыс деректерінде – Ак-Назар деп жазылады) – Қасым ханның кіші ұлдарының бірі. Қасым ханның үлкен ұлдарының бірі – Мамаш хан, ол туралы дерек мәліметтерінде азды-көпті айтылады. Қадырғали Жалайырдың мәліметі бойынша оның анасының есімі – Ханық сұлтан-ханым. Хақназар ханның нақты қай жылы дүниеге келгені белгісіз, бірақ Т.И.Сұлтанов: «Мұхаммед Хайдар Дулати бойынша Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған, олай болса Хақназар – хан 1519 жылға дейін дүниеге келген», – деп есептейді. Ал ортағасырлық тарихшы Гаффари 1564/65 жылы жазылған шығармасында Қасым ханды 1523-1524 жылы (хижра бойынша 930 жыл) қайтыс болған деп көрсетеді. А.Исин орыс деректерінің мәліметтеріне сүйене келе, Қасым ханның қайтыс болған жылын 1521 жыл деп нақты көрсетеді. Біз Хақназар ханды дәл мына жылы дүниеге келген деп айта алмаймыз, тек болжам ретінде 1510-1520 жылдар аралығында өмірге келген деп санаймыз.
1521 жылы Қасым хан қайтыс болып, оның мұрагері Мамаш бір жылдан кейін тақ үшін таласта қарсыластарының қолынан қаза тапты. Қарсыластар жап-жас Хақназарға да қауіп төндірсе керек. Қасым хан әулетіне адал берілген адамдар Хақназарға төніп келе жатқан ажалдың бетін бұрғызып, жас баланы ноғай мырзасы Шейх-Мамайға ұзатылған әпкесінің қолына барып паналатады. Хақназар ханның жас кезінде ноғайлар арасында болуының себебін біз осындай жағдайлармен түсіндіреміз. Хақназардың ноғайлар арасында болуы шамамен 15-16 жылға созылады. Өз кезегінде атақты ноғай мырзасы Шейх-Мамай да Хақназарды қолында ұстау арқылы өзінің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді. Едіге заманынан бері оның ұрпақтары ноғай ұлысында би лауазымын алу үшін міндетті түрде көршілес Шыңғыс ұрпақтары басқарып отырған мемлекеттің ресми ханының біреуінен мойындалуы тиіс болды. Көп жағдайда ноғай мырзалары хан әулетінің жас өкілдерін көршілес елдерде таққа отырғызып, «бірі хан, бірі би» болатын дәстүр қалыптасқан-ды. Оған дәлел ретінде, «Хажы Мұхамед оғланды Мансұр би хан көтерді. Бірі хан, бірі би болып жүрер еді», «Бұлхайыр (Әбілқайыр хан) хан Нурад-дин мырзаның ұлы Уақас бимен шексіз көп достығы бар еді... Бір уақыт бірі хан, бірі би болып жүрген еді», «Өзбек ішінде айтылатын «Әбілқайыр хан, Қазы би болды, Иадгар хан, Мұса би болды», – сөздің мәнісі осы болар». XV-XVI ғасырларда бұрынғы Алтын Орда аумағында құрылған мемлекеттердің тарихынан мұндай мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Хақназар ханның билікке келгенге дейінгі өмірі Ноғай Ордасында өткендіктен, қарастырып отырған жылдардағы сол елдегі кейбір оқиғалар барысы хан әулетінің өкілі болғандықтан оған әсерін тигізбей қоймайды. Ноғай билеушілері өздерінің мүддесіне сай оны қолданады, пайдаланады. Ноғай Ордасының XV-XVI ғғ. саяси тарихы В.В.Трепавловтың еңбегінде өте жақсы қарастырылған. Сол себепті де біз ноғай тарихындағы Хақназар ханға қатысты оқиғаларға шолу жасап ғана назар аударамыз. XVI ғасырдың екінші ширегінде Ноғай Ордасы бұрынғы Алтын Орда аумағында қалыптасқан мемлекеттер арасында ең қуатты саяси күшке айналады. Ноғай ұлысының батыс бөлігінде Мамай мырза бастаған күш Қырым ханын Астраханьда тас-талқан етіп жеңіп, түбекті тонауға ұшыратса, шығыс бөліктегі ноғай мырзалары қазақ қоғамында қалыптасқан саяси дағдарыстарды пайдаланып қазақ сұлтандарын бірнеше рет жеңеді де, бірнеше хан мен сұлтандарды «шаһит» қылады. Қазақ сұлтандарының иеліктері Еділ бойынан Жемге дейін ығыстырылады. Ноғай мырзаларының билігі Батыс Қазақстан, Башкирия және Сібір хандығына тарайды.
Хақназар ханға қатысты келесі бір сұрақ оның қай жылы Қазақ хандығының тағына отырғандығы жөнінде. Бұл сұрақ Қазақ хандығының тарихы үшін маңызды болса да, зерттеушілердің басым бөлігі оны айналып өтеді. 1943 жылғы «Қазақ ССР тарихында» Хақназар ханның қайтыс болған жылы 1580 жыл деп көрсетіледі де, «Хақназар ханның билігі 20 жылдай болды», делінеді. Академиялық басылым авторларының пікірінше, Хақназар хан шамамен 1550-ші жылдар аяғында билікке келген. 1969 жылғы МИКХ-тың (Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков) «Ескертулерінде» Хақназар ханның билік құрған жылдары деп 1538-1580 жылдар көрсетілген. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан тарихының оқулықтарының бәрінде 1538 жыл – Хақназар ханның билікке келген жылы деп жазылып жүр. Қазақ хандығы дәуірінің белгілі зерттеушісі М.Әбусейітова бұл датаға 1540-шы жылдардың соңын жатқызады. Т.И.Сұлтанов та осы пікірді ұстанады. Бұл сұрақ бойынша В.В.Трепавловтың дәлелдеулері біздің көңілімізге қонады. Хақназар ханның қазақ тағына келгенге дейінгі өмірі ноғайлар арасында, Шейх-Мамайдың ордасында және Башқұртта хан болғаны дәлелденген тұжырым. XVI ғасырдың 20-30-шы жылдарының да ішкі және сыртқы саясатта қазақтар үшін өте қолайсыз болғаны белгілі. Қазақтарға қарсы осы жылдары Шығыс Түркістандағы Могулия билеушісі шағатайлық Абд ар-Рашид хан мен Мауереннахрдағы шибанилық Ұбайдолла хан әскери одақ құрса, 1536 жылы батыста ноғай билеушілері Сейіт-Ахмет пен Шейх-Мамайдың бастамасымен Ноғай Ордасы, Бұхара, Хиуа хандықтарының саяси және әскери одағы дүниеге келеді. Қазақ хандығына қарсы құрылған әскери одақтар қимылға көшіп, бірден нәтижесі байқалады. 1537 жылы Жағат уалаятының шекарасында болған ірі шайқаста қазақтар жеңіліске ұшырап, Тоғым хан және 37 қазақ сұлтаны қаза табады. Шамамен осы жылдары ноғайлармен болған бір соғыста Үсек ұлы Болат сұлтан өз ұлдарымен, Шағым мырзамен болған соғыста Жәдік хан бір ұлымен қаза табады. Қазақ билеушілерінің ірі жеңілісі барлық көршілес елдерге тарайды. Тіпті Кашмирдегі Мұхаммед Хайдар Дулати да бұдан хабардар болып, 1541-1543 жылдары жазылған атақты кітабының екінші бөліміндегі 33-ші тарауда «...Ең ақырында сәтсіз тағдырдың қырсығынан соншама халықтан міне бүгін төртінші жыл болып барады, ешбір жерде ізде қалмапты. Отызыншы жылдары (930 (1524 жылы) қазақ саны мың-мың (миллион) болатын. Қырық төртінші жылы (944 (1537) сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған». Бұл мәліметтен 1537 жылды – Қазақ хандығының саяси құлдырауының ең соңғы нүктесі деп қабылдауымыз керек. Т.И.Сұлтановтың есептеуі бойынша Қазақ хандығының «уақытша әлсіреу» жылдарындағы ішкі талас-тартыстар мен сыртқы қарсыластармен күрестерде 60-тан астам қазақтың хандары мен сұлтандары қаза тапқан екен. Қазақ хандығындағы жағдайды Ноғай Ордасы тез пайдаланады. Бұл туралы В.В.Трепавлов былай деп жазады: «Ноғай соғысының ноғайлар үшін болған нәтижелерінің біріне қазақ тағын иеленуге мүмкіндіктің тууы жатты. Дәл осы кезде таққа Хақназар отырғызылады». Осылайша, біз Хақназар ханның Қазақ хандығының тағына келген жылы – 1538 жыл деген пікірді жақтаймыз. Енді Хақназар ханның Қазақ хандығының «қайта өрлеу» кезеңіндегі жүргізген саясатына көшелік. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясаттағы белсенділігі XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап байқала бастайды. Қасым ханнан кейін Қазақ хандығында қалыптасқан ішкі саяси дағдарысты көршілер қалай пайдаланса, XVI ғасырдың екінші жартысының алғашқы жылдары-ақ Хақназар хан көршілердегі саяси қайшылықтарды өз пайдасына қолдана бастайды. Бұл кезеңде Қазақ хандығының батыстағы көршісі – Ноғай Ордасында, оңтүстіктегі басты қарсыласы – Мауереннахрдағы Шайбан әулетінде және Шығыс Түркістанда шағатайлық Абд ар-Рашид ханның қайтыс болғанынан кейін қалыптасқан ішкі саяси жағдайлар Қазақ хандығына бұрынғы жоғалтқан позицияларын қалпына келтіруге мүмкіндіктер береді. Хақназар хан көршілес елдерде қалыптасқан саяси жағдайларды шебер пайдалана отыра, қазақ халқының этникалық аумағын қайта жинауға кіріседі. Қазақ халқының этникалық аумағын біріктіру дегеніміз – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақ ру-тайпаларының өмір сүру кеңістігін, яғни шаруашылық үшін қажетті маусымдық жайылымдар мен көшіп-қону жолдары мен бағыттарын, сауда орталықтарын біртұтас этносаяси кеңістікке біріктіру болып табылады. XVI ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының Ноғай Ордасымен, Шығыс Түркістандағы Шағатай әулетімен, Мауереннахрдағы Шайбани әулетімен жасаған қарым-қатынастарында белсенділік көрсетуін, ең алдымен Хақназар ханның билігі тұсында қазақ қоғамындағы билеуші әулетте саяси бірліктің сақталғандығын байқаймыз. Екіншіден, мемлекет басқару ісі, билеуші әулет өкілдерімен, жергілікті ру-тайпа басшыларымен қатынас мәселесінде Хақназар хан тәжірибе жинақтап, әкесі Қасым хан тұсындағыдай зор беделге ие бола бастайды. Оның бір көрінісіне XVI ғасырдың екінші жартысында Мауереннахр мен Дешті Қыпшақтағы тарихи оқиғаларды баяндау барысында ортағасырлық автор Хафиз Таныштың қазақ билеушілерін былайша сипаттауы жатады: «Хақ-Назар-хан, Жалым-сұлтан, Шығай-сұлтан, Достай-сұлтан секілді қазақ билеушілері (падишахан-и казак) басқа да бауырларымен және ұлдарымен Талас өзенінің бойында орналасты». Хақназар хан тұсындағы қазақ-ноғай қарым-қатынасының негізгі өзегін жер мәселесі құрады. Қасым хан тұсында Еділ өзеніне дейін кеңейген қазақ шекарасы, одан кейінгі «уақытша әлсіреу» жылдары Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерге, Ырғыз өзеніне дейін қысқарған болатын. Хақназар ханның батыс бағыттағы саясатының басты мақсаты – Қазақстанның батыс бөлігіндегі жерлерді қайтару болды. В.В.Трепавлов Хақназар хан бастаған қазақ күштерінің ноғайларға қарсы жасаған жорығының уақытын 1568 жылдың күзінде болған деп нақты дәлелдейді. Жорық барысында қазақтар Жем бойындағы ноғайларды Жайыққа қарай ығыстырады. Ноғайларды толық жеңілістен Астраханьнан көмекке келіп жеткен орыс патшасының әскері құтқарып қалады. Ноғай-орыс әскерімен болған ұрыста қазақтардың 1-2 сұлтаны қаза тауып, кейін шегінуге мәжбүр болады. Ал 1570 жылы тамыз айында Қырымдағы Мәскеу елшісі Афанасий Нагой Жем мен Жайық өзендері аралығында көшіп-қонып жүрген Шейх-Мамай ұрпақтарына Хақназар ханның келесі жорығын ұйымдастырғанын баяндайды: «А сказывали деи царю, что Казатцкие Орды Акназар царь ногайских мурз Шихмамаевых детей побил...». Ноғайларға қарсы күрес барысында Хақназар хан Қырым хандығымен байланыс орнатады. Бұл жағдай Дін-Ахмед биге жетеді де, ол Қырым ханына мынадай сипатта хат жібереді. «Хақназар хан «Сарайшықты менің жерім» деп отыр, ертең ол Сарайшықты алғаннан кейін, одан әрі Қырымды да алмақ ойы бар». Осы хат арқылы Дін-Ахмед би Ноғай Ордасына қарсы Қырым хандығы мен Қазақ хандығы арасында қалыптаса бастаған одақты болдырмауға тырысқаны анық байқалады. 1577 жылдың сәуірінде Қазы мырзаның Қырым ханына жазған хатында қазақтардың Сарайшықты алғаны жөнінде айтылады. Хақназар хан ноғайларға қарсы күресте XVI ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында Мәскеуге де өз елшілігін жібереді. Ноғайлар жағы бұған наразылық білдіреді де, мынадай мазмұнда хат жолдайды: «Хақназар ханмен және оның атасы Орыс ханмен біздің арғы бабамыз Едіге би қай жерде болсын үлкен жаулықта болған. Олар сондай біздің жауларымыз. Ал сен қай жылы Бұхар ханының (Ескендір хан – Абдулла ханның әкесі) елшісіне және Азим ханның (Хорезм билеушісі Хажы Мұхаммед хан) елшісіне өз елшіңді қосып жіберіп, Хақназар ханмен достықта болыпсың... Менімен дос бола тұра, олай жасағаның болмайды. Дәулет Герей ханмен бір дінде болсам да, мен онымен байланыста емеспін, ал Хақназар хан мен сен екеуің өзге діндесіңдер, достасуларың дұрыс емес». Ал орыс патшасының ноғай биіне жазған жауап хатында Хақназар хан елшілігінің Мәскеуде болғандығы расталады. Ол туралы орыс патшасы IV Иван ноғай биіне жазған хатында айтады. Онда былай делінеді: «...А в прежних летех, как нагайские мирзы от нашего жалованья поотстали были и сложась с крымским царем воевать приходили на нашю землю, а в то время Акназар царь присылал к нам своих послов. И мы однова послали были своих служилых татар к Акназар царю казацкому». Хақназар хан тұсындағы қазақ-ноғай қарым-қатынасынан мәлімет беретін келесі және соңғы дерек – 1577 жылға сай келеді. 1577 жылы 27 шілдеде Ноғай Ордасына барып келген бояр ұлы Борис Доможировтің есебінде қазақтарға қатысты мынадай мазмұндағы мәлімет айтылады: «Осы көктемде қазақтар Ақмырза мен Бекмырзаның (Шейх-Мамайдың ұлдары) ұлысын шауып, көп малын айдап кетіп, бес адамын тұтқындапты. Сосын бесінші адамды Дін-Ахмед би мен Орыс мырзаға жұмсап, «Хақназар хан патшамен татулықта, Ташкентпен де, Үргенішпен де татулықта тұр. Хақназар сіздерге соғыс ашады, Жайық пен Еділ бойында көшіп-қонғызбайды» деген сөздерді айтуды тапсырыпты». Бұл мәлімет қазақ-ноғай қарым-қатынасындағы кезекті бір кезеңнен ақпараттар беріп, екіжақты қатынастың сипатын түсінуге жәрдем береді. Хақназар ханның осы жылдары күшейгені соншалықты, ол өзінің түпкі мақсаты – Еділ мен Жайық өзендерінің бойындағы жайылымдарды иелену екенін, яғни Қазақ хандығының батыстағы шекарасын әкесі Қасым ханның билігі кезіндегідей жағдайға жеткізу екенін ашық айтып отыр. Осылайша, Хақназар хан 1580 жылға дейін Қазақ хандығының батыс пен солтүстіктегі шекараларын қалпына келтіру жолында Ноғай Ордасымен, Сібір хандығымен тікелей қатынастарға түсіп, Қырым, Мәскеу билеушілерімен байланыстар орнатады. Оның атақ-даңқы бұрынғы Алтын Орда аумағындағы саяси өмірде өте танымал болады. Хақназар ханның билігі тұсында Қазақ хандығының жүргізген саясатының тағы бір басты бағыты – оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыт болды. Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы жерлер мен қалалар Қазақ хандығы өте маңызды рөл атқарды. Шаруашылық тұрғыдан алғанда көшпелі қазақ ру-тайпаларының қысқы жайылымдары мен қыстаулары Сырдың сол жағалауында болса, Дешті Қыпшақтың солтүстік бөлігінде табиғи жазғы жайылымдар мен жайлаулар орналасты. Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпалары ежелден Тобыл мен Сыр бойын шаруашылық өмір үшін пайдаланатын. Қазақ хандығына дейін де және Қазақ хандығы тұсында да Сыр бойы үшін дештілік билеушілер мауереннахрлық билеушілермен күрес жүргізіп отырғаны белгілі. Хақназар хан тұсында бұл күрес жалғасын табады. Хақназар хан XVI ғасырдың 60-шы және 70-шы жылдарында ноғайлармен болған қарым-қатынаста белсенділік танытса, 70-ші жылдардың соңына таман оңтүстік бағыттағы саясатты жандандырады. Бұл жылдары Мауереннахрда II Абдаллах хан ең күшті саяси күшке айналып, шибанилар иеліктерін бірте-бірте күшпен бағындыра бастаған еді. 1557 жылы ол Бұхараны басып алып, әкесі Ескендірді 1560/1561 жылы Бұхарада хан көтереді. 1573 жылы ол Балхты, 1574 жылы – Хисарды, 1578 жылы – Самарқанды алады. Келесі қала Ташкент алынып, онда Наурыз-Ахмед ханның үлкен ұлы Дербіс сұлтан билеуші ретінде отырғызылады. Көп ұзамай Наурыз-Ахмед ханның үшінші ұлы Баба сұлтан өзінің туған бауыры Дербіс сұлтанды өлтіріп, II Абдаллах ханға қарсы шығады. Хақназар ханның өмірінің соңғы жылдарындағы жүргізген саясаты мен жасаған іс-әрекеттері осы екі шибанилық билеуші арасында өтеді. Хақназар хан Баба сұлтан мен II Абдаллах хан арасындағы талас-тартыстарда геосаяси тұрғыда Бұхара билеушісін қолдайды. Өйткені Ташкенттің күшеюі Сыр бойындағы қалалар мен жайылымды жерлерге қауіпті болатын. Кез келген уақытта ташкенттік билеушінің жарлығымен осы маңдағы қазақ ру-тайпалары тонау мен талан-таражға түсетін. Сол себепті де Хақназар ханға іргедегі қарсыласын күшейткеннен гөрі алыстағы қарсыласымен одақтасу тиімді болды. Сол мақсатта Хақназар хан мен II Абдаллах хан арасында «анттасқан одақ» жасалады. 1579 жылы Ташкент пен Бұхара билеушілері арасында кезекті шиеленіс басталып, II Абдаллах хан Ташкентке бет алады. Ал бұл кезде Хақназар хан мен Жалым сұлтан, Шығай сұлтан, Достай сұлтан және тағы басқа қазақ сұлтандары Талас өзені бойында болатын. Шығай сұлтанның ұлы Ондан сұлтан Баба сұлтанның жақтастарына қарсы аттанып, олжаға кенеледі. Баба сұлтанның бірнеше сұлтаны қазақтардың қолына түседі. Баба сұлтан әртүрлі жолдармен одақтастар арасына от салуды ойластырғанымен одан ештеңе өндіре алмайды. Келес өзені бойында Хақназар ханның елшісі II Абдаллах ханға жолығып, қазақ ханының хабарын жеткізеді. Онда «Біз қазір де ханмен жасалған сол бұрынғы «анттасқан одаққа» адалмыз», делінеді. Бұхара ханы қазақтарға ризашылығын білдіріп, Түркістан өңіріндегі төрт елді мекенді сыйға тартады да, қазақтар қолға түсірген Баба сұлтанның адамдарын өзіне беруді сұрайды. Баба сұлтан өз билігін сақтап қалу үшін небір қитұрқы жолдарды қолданады. Біресе Бұхара ханына бағынатынын білдірсе, біресе оған қарсы шығады. Қазақ билеушілерінің саясаты туралы Бұхараға жалған ақпараттар беріп отырады. Ақыры ол 1580 жылы сәуір айында Шарапхана өзені бойында өзімен кездесуге келген Жалым сұлтанды және оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын қапыда өлтіреді де, Хақназар ханды өлтіруге ең сенімді адамдарын аттандырады. Осылайша, Хақназар хан 1580 жылы сәуір айының соңында қаза табады. Ал 1580 жылдың 10 маусымындағы оқиғаларда қазақ ханы деп Хақназар ханның немере туысы, Жәдік сұлтанның ұлы, ұзақ жылдар бойы Қазақ хандығының қисайған туын Хақназар ханмен бірге көтеріскен Шығай ханның есімі атала бастайды. Хақназар ханның қаза табуынан соң 20 жылдан астам уақыттан кейін Қадырғали Жалайыр осы оқиға жөнінде: «...Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған», деп жазады. Хақназар хан 40 жылдан астам билікте болып, Қазақ хандығының тарихындағы қайта өрлеу кезеңіне жол ашып берді. Оның бар мақсаты – Қазақ хандығының аумағын әкесі Қасым хан тұсындағыдай деңгейге жеткізу болды. Осы мақсатқа жету жолында ол бар күш-жігері мен қайратын аямады деуге болады. Тумысынан текті әулеттің өкілі ұлы мақсат жолындағы күрестерде шыңдалып өседі. Тарихтың өзі оны ірі мемлекет қайраткері, мықты ұйымдастырушы, шебер дипломат, даңқты қолбасшы ретінде қалыптастырады. Хандық билікте болған жылдары, әсіресе XVI ғасырдың 60-70-ші жылдары бұрынғы ол Алтын Орда аумағында құрылған Қырым хандығы, Сібір хандығы, Ноғай Ордасы және Мәскеу князьдығы секілді күшті мемлекеттер қатарына Қазақ хандығын енгізеді, онымен санасуға қарсыластарын мәжбүр етеді. Сол арқылы Хақназар хан сол жылдардағы ең беделді және танымал тұлғалардың біріне айналады. Белгілі тарихшы Т.И.Сұлтанов Хақназар ханның тарихи болмысын былайша түйіндейді: «Хақназар хан әкесі секілді кең көлемдегі саяси қайраткер болды. ...Ол шынында Ұлы Дала көшпелілерінің күнделікті өміріне қажетті талаптарды мемлекеттің саясатымен ұштастыра білген ақылды әрі шебер билеуші бола білді. Ол саяси жағдайларды өте дәл сезіне білді және өз кезінің артықшылығын тиімді қолдана алды». Осылайша, XVI ғасырдағы қазақтың атақты хандарының бірі – Хақназар ханның тарихи болмысы мен тұлғасы туралы жоғарыда айтылған ойларымызды түйіндей келе, мынадай тұжырымдарға келеміз. Біріншіден, Хақназар хан – «уақытша әлсіреу» жылдары туы қисайған қазақ мемлекетінің жалауын қайта желбіретіп, өз халқының өмірлік мүддесіне сай мемлекеттің саясатын жүргізген билеуші болды. Екіншіден, бұрынғы Алтын Орда мен Шағатай ұлысы аумағында құрылған мемлекеттердің билеушілері арасында зор беделге ие болған және оларды өзімен санасуға мәжбүр еткен саясаткер болды.Үшіншіден, қалыптасқан саяси жағдайлардан дұрыс жол таба білген шебер мәмілегер және қарсыласқан жауларына қаһарын төккен мықты қолбасшы болған. Төртіншіден, ішкі саяси тұтастықты қалыптастырып, қазақ қоғамын әкімшілік жағынан тиімді ұйымдастыра алған ақылды және кемеңгер басшы бола білген тұлға деп санаймыз.

Берекет КӘРІБАЕВ,
ҰҒА корреспондент-мүшесі.
ҰҒА корреспондент-мүшесі.
https://egemen.kz