» » » «СЫР ТҰЛПАРЫ»: ХАС ЖҮЙРІКТІҢ БАҒЫ ЖАНҒАЛЫ ТҰР

«СЫР ТҰЛПАРЫ»: ХАС ЖҮЙРІКТІҢ БАҒЫ ЖАНҒАЛЫ ТҰР



Киелі Сырдың жүрегі – Қызылорда қаласының қос ғасырлық мерейтойы апта басынан алуан шарамен әрленіп келеді. Сәтін салса, осы сенбіде, ат баптап, арғымақ мінген арда қазақ той тартуының ерекше сыйына куә болғалы тұр. Күні бұрын дүйім елге дақпырты жеткен бұл аламанның «алды кім болар екен?» деген сыншылар сөзі көптен бері әлеуметтік желіде желдей есуде. Ұлттық өнердің төре түріне бұлайша қызу алған қоғамдық пікір тектен-тек емес. Өйткені, бұл –  қазақтың дара дәстүрі, жігер-намысы! 
Қазір тәуелсіз елдің түкпір-түкпірінде ат шаптырып, аламан құрып отырған қауым көп. Соған сай талай жүйріктің де атағы ел аралап жүр. Бір анығы, бүгінгі қазақ жабыдан ат жаратпайды. Бәйгенің бәсі биік, қарқыны қатты. Таза қанды жылқылар дес берер емес. Бірақ сол таза қанды жылқыны тек алыс-жақын шет елдерден алдыртып, баптап жүрген атбегілер «қолтума» өсіруге аса құнтты емес. Неліктен? Сұрақ көп, жауабы да әрқалай.  
Тақырыпқа тереңірек тағы айналып келерміз. Ал бүгінгі түйін: Сыр жүрегі – Қызылорданың мерейтойға үлкен әзірлікпен келуі. Соңғы бес жылда жаңашылдыққа жол салған, еліне ел қосылып Арқа төсіндегі Астанадай сол жағалауға жаңа қала салған, айта берсек жетістігі жоталы өңірдің ұлттың сара сайысы – ат спортына да ерекше көңіл бөлгенін талай жұрт тағы бір танығалы тұр. «Қызылорданың ипподромы өзгелерге үлгі болса керек» деп еді әуелден-ақ атбегі қауым. Міне, сол ұлт өнерін ұлықтауға қызмет ететін орын сенбіде дүлдүлдер дүбіріне бөленеді.
     «Ат бәйгелі, есіміңіз әйгілі болсын!» 


http://www.syrboyi.kz
27 қыркүйек 2018 ж. 630 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930