» » » Шығармашылық фестиваль жеңімпаздары

Шығармашылық фестиваль жеңімпаздары

Жуырда Ақтөбе қаласында «ӘлемTalantStars» II Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқау фестивалі ұйымдастырылды.

Байқауға Ресей, Түркия мен Болгариядан да үміткерлер қатысты. Аталған фестивальге Қызылорда облысынан N6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету)мектеп-интернатының оқушылары қатысып жүлделі бас жүлде мен І орынды жеңіп алды.
Атап айтқанда, «Ложкари» ансамблі «Музыкалық аспаптар» номинациясы бойынша бас жүлде иеленсе, Меруерт Тобашова пен Алина Мұратова «Ым-ишара тілінде ән айту» номинациясы бойынша жас ерекшеліктеріне сай I дәрежелі Лауреат (1-орын) дипломымен марапатталды. Бұл өнерпаздардың жетекшісі Мария Базар. Қызылорда облысының қатысқан өнерпаз балалар өз мүмкіндіктерінің шексіз екендігін көрсете білді.
03 қараша 2018 ж. 748 0