» » » Жаңа жылда Қазақстанда күшті аяз болады

Жаңа жылда Қазақстанда күшті аяз болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Жаңа жылда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды BNews.kz.
"Алдағы екі тәулікте Қазақстан территориясы арқылы атмосфералық фронттардың өтуімен солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қармен бірге бұрқасын болып, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Бірақ 31 желтоқсанда бұл аймақтарда күн суытып, жаңа жыл түнінде аяз 25-30, кей жерлерде 33-38 градусқа дейін күшейеді, республиканың шығысында түнде 2 қаңтарда кей жерлерде аяз минус 40 градусқа дейін күшейеді", - делінген хабарламада.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын, жылбысқы қар, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Бұл аймақтарда да жаңа жыл түнінде температура 3-8, кей жерлерде 15-20 градус аязға дейін төмендейді.
Батыс облыстарында жаңа жыл күндері жылбысқы қар, тұман және көктайғақ күтіледі және ауа температурасының аздаған ауытқуы көпжылдық нормаға жақын болады.
31 желтоқсан 2018 ж. 895 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930