» » » «BILIMBOOK» ҚҰРЫЛҒЫСЫ ДАЛДАБАЙҒА ЖЕТТІ

«BILIMBOOK» ҚҰРЫЛҒЫСЫ ДАЛДАБАЙҒА ЖЕТТІ

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Далдабай Жалтынов ауылындағы №115 негізгі мектепте «Вilimbook» дербес оқыту планшет-компьютерімен жабдықталған кабинет ашылды.
Өңірде алғашқы болып жаңа жүйені қолға алған №115 негізгі мектептің директоры Берік Майбасаров «Bilimbook» құрылғысын орнатуға барлығы 3 млн 300 мың теңге жұмсалғанын айтады. Қазір бастауыш сынып оқушылары осы жүйемен сабақ өтіп, тапсырманы да құрылғы арқылы орындайды екен. Білім базасындағы бұл заманауи компьютер білім сапасын арттырып қана қоймай, уақытты тиімді пайдалануға және балалардың шығармашылығын арттыруға мүмкіндік береді.
– Бұл «Bilimbook» құрылғысы шағын мектептерге ыңғайлы. Онда компьютер жадына қажетті білім ресурсы салынған. Интернеттің қажеті жоқ. Бір сыныпта 15 баладан білім алатын болса, мұғалім олардың әрқайсысына әр түрлі электрондық тапсырма бере алады. Бала сабақты игермейінше, бағдарламамен алға жылжи алмайды. Мұны біз аудан бойынша алғашқы болып қолға алдық. Нәтижесі ойдағыдай, – дейді мектеп директоры Б.Майбасаров.
Айта кетейік, жуырда №115 негізгі мектепте «Bilimbook»  құрылғысын қолданудың тиімділігі тақырыбында аудандық семинар өтті. Онда мектеп мұғалімдері И.Нысанова, Ж.Омарова, Қ.Қалымбетова және Ә.Жалғасбаева жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаңа жүйені қолданудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Жалпы, «Bilimbook» – мектеп бағдарламасына сай ресурстардан тұратын әмбебап құрылғы. Далдабай ауылындағы шағын жинақты мектептегі интерактивті білім беру формасын жаңа бір сатыға көтеріп, цифрлық дамудың жаңа кезеңіне жол ашады. Оқушының танымдық белсенділігін және оқуға ынтасын арттырып, мектептегі білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Семинарға қатысқан ұстаздардың пікірлері осыған саяды.
Н.ҚАЗБЕКОВ.
03 қаңтар 2019 ж. 851 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930