» » » ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН ЖИЫН

ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН ЖИЫН

        
Астана қаласындағы "Нұр Әлем" павильонында Елбасының қатысуымен өткен жастар жылының ашылу салтанаттын тікелей эфир арқылы тамашаладық. Онда жастардың мақсат-міндеттері айқындалып, болашақ жоспарлары ортаға салынды.

         Келелі жиында ел Президенті өз сөзінде ең алдымен жастарды баспанамен қамту, оларды кәсіпке баулу, ауыл шаруашылығына қарай икемдеу қажеттігін айтты. Бәрімізге мәлім қазір ауыл шаруашылығы саласын толық автоматтандыру жүйесі қолға алынды. Ал бұл заманауи құрылғылармен жұмыс жасайтын ол сіз бен біз. Осы төңірегінде ой қозғаған Елбасы жастарды ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысуды, тың идеяларды жетілдіруге шақырды.
                Мәселен осыдан тура 10 жыл бұрын жүзеге асқан "Дипломмен ауылға" бағдарламасы талай жастарды ауылға тартты, шалғай ауылдардағы кадр тапшылығын шешті. Мұның игілігін көрген жандар баспаналы болып, тұрақты жұмысқа орналасты. Міне, осындай баянды бағдарлама ретінде енді
елімізде жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салынады. Жастарды баспанамен қамту мәселесін, алдымен, миллион халқы бар 3 қаладан бастауды тапсырған Назарбаев болашақта мұндай шаһарлардың қатары көбеюі керектігін атап өтті. 
         Жалпы, бұл жиында көтерілген мәселенің барлығы Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына, ел тірегі жастардың жақсы өмір сүруіне бағытталған. Биылғы жыл – жастар жылы деп жариялануының да өзіндік маңызы бар. Бұл ел жастарын қолдауға бағытталған бағдарламаларға одан әрі серпін берері сөзсіз. Тек, енді, жастар осындай қолдаулардың шарапатын сезініп, ел сенімін ақтауы тиіс.

Н.ҚАЗБЕКОВ,
Жалағаш ауданы.
23 қаңтар 2019 ж. 1 092 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930