» » » ЖАСТАРДЫҢ ОЙЫ БІР АРНАҒА ТОҒЫСҚАН КҮН

ЖАСТАРДЫҢ ОЙЫ БІР АРНАҒА ТОҒЫСҚАН КҮН


Бүгiн ЭКСПО-2017 көрме кешеніндегі «Нұр Әлем» павильонында «Тәуелсіздік ұрпақтары» тақырыбында Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев қатысты.
Жалынды жастардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақ елінің кешегі тарихы мен бүгінгі жеткен жетістіктерін атап өтіп, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең басты жетістік – жастар екенін айтты. Сонымен қатар, Елбасы халық саны миллионнан асатын 3 мегаполис - Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жылына 1000 пәтер салуды тапсырды. Олар, негізінен, жұмысшы жастарға арналмақ. Осылайша, баспанасыз жүрген жас мамандардың мәселесі алдағы уақытта бірте-бірте шешімін таппақ.
Қазақстан жастары, осылайша елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыру бастау алды. Барлығымыз бiрге, ұтас "Бiр үйдiң баласындай" еселі еңбек етейiк.

Айзада Данабеккызы,
№31 мектеп-гимназиясының мұғалімі.
23 қаңтар 2019 ж. 1 462 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930