» » » 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ: кемел келешекке жол

100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ: кемел келешекке жол

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңызын бүкіл қоғам терең түсініп, еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайту жолындағы ауқымды бастама деп білді.

Жаһандану жағдайында өзіміздің мем­­лекеттігімізді, тілімізді, дінімізді, ді­лі­мізді, салт-дәстүрімізді, жалпы ұлттық ерек­шеліктерімізді заманауи өзгеріс­тер­ден қалай сақтап қаламыз деген мә­селе әрбір азаматты толғандыратыны сөз­сіз. Ұлт көшбасшысы өз еңбегінде «Таяу жыл­дардағы міндеттер» атты екінші бө­лімінде қоғам алдына жақын келешекте атқарылуы тиіс бірнеше өзекті міндеттер қойған болатын. Соның бірі – жаңа гуманитарлық білім беру аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Жоба аясында философия, ­әлеу­меттану, психология, мәдениеттану, та­рих, филология және саясаттану ғы­лым­дары бойынша жазылған еңбектер қам­тылады. Бұлардың қай-қайсысы да адам­ның жеке тұлға және маман ретінде қа­лыптасуына зор ықпал ететін білім салалары. Осы арқылы әлемдегі ғылым мен білімнің мазмұнын, ілгері дамыған мемлекеттердің көзқарастарымен таны­суға мүмкіндік аламыз. Әлем елдерінің қа­лай ойлап, нені дұрыс, нені бұрыс деп білетінін және қайда бағыт алып бара жатқандарынан хабардар болып, бо­лашаққа деген мақсат-мүддемізді қа­лып­тастыруға жұмыс жасаймыз. Өйткені, Елбасы ұсынған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы да уақыт талабынан туындап отыр.
Қазіргі таңда 18 кітап қазақ тілінде аударылып жоғарғы оқу орындарына жетті. Жаңа оқулықтар 2018-2019 оқу жылынан бастап жоғарғы білім беру жүйесіне енгізілді. Келесі 30 кітаптың аударма жұмысына қажетті шаралар жүзеге асуда. Дүние жүзінің ең беделді ғалымдарының әлемге миллиондаған данамен таралған оқулықтары таяу арада басылып, студенттердің қолына тиетін болады.
Айта кеткен жөн, көпшіліктің сұрауы бойынша оқулықтарды сатып алғысы ке­летіндерге арнайы аударылған кі­тап­­тардың бірқатары дүкендерге шы­ға­рылған. Ресми мәліметке сүйенсек, мем­лекеттік тапсырыс бойынша шыққан әр кітаптың 10 мың дана таралымы 100-ден аса оқу орнына тегін таратылған. Алғашқы 18 оқулықтың дүкендегі құны кітап көлеміне қарай 1 790 теңгеден 7 850 теңге аралығында екен. Алдағы уақытта бұл оқулықтарға онлайн дүкендер арқылы бұдан да арзан бағамен тапсырыс беруді жолға қою жоспарлануда.

Ақмаржан Өксікбаева,
З.Жарқынбаев атындағы № 202 орта мектеп мұғалімі.
23 ақпан 2019 ж. 1 363 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930