» » » Қ.Тоқаев: Еліміздің өсіп-өркендеуі Назарбаев есімімен байланысты

Қ.Тоқаев: Еліміздің өсіп-өркендеуі Назарбаев есімімен байланысты


Тәуелсіз еліміздің бүгінгі өсіп-өркендеуі Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Егемен Қазақстан» және «Айқын» газеттеріне берген сұхбатында осылай деді.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жаңа мемлекеттілік жасаудың барлық тауқыметін басынан өткерді. Қиындыққа толы осы жолда  толағай табыстарға қол жеткізді. Қазақ елін төрткүл дүниеге әйгілеп, барша әлемге мойындата білді. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі өсіп-өркендеуі, ертеңгі даму келешегі Назарбаев есімімен тығыз байланысты» деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы билік ауысқаннан кейінгі жағдайдың қалай өрбитіні туралы айтып берді.
«Біз биліктің ауысуын тұрақты жағдайда өткізе білдік. Бұл Елбасының парасаттылығы мен көрегендігін және халқымыздың даналығын көрсетеді. Біз әлемге өркениетті ел екендігімізді,  жұртымыздың саяси мәдениетінің жоғары екендігін дәлелдедік. Кейбір мемлекеттердегідей алаңға шығып, шу көтерген жоқпыз. Бәрі заң шеңберінде өтті. Мен де осы бағыттан ешқашан таймаймын және ешқандай «екіұдайылыққа» жол бермеймін» деді Қ.Тоқаев.
02 сәуір 2019 ж. 869 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930