» » ЖАҢА БАСТАМАЛАР АЙҚЫНДАЛАДЫ

ЖАҢА БАСТАМАЛАР АЙҚЫНДАЛАДЫ

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі әлемдік өркениеттің даңғыл жолына түскен егемен еліміз үшін маңызды кезеңде өткелі отыр.
Бүгінде үлкен саяси күшке айналған жетекші партия құрылғаннан бастап барша қазақстандық азаматтардың бастамалары мен күш-жігерін, еліміздің жауапкершілігі жоғары саяси күштерін бір арнаға бағыттай отырып, қоғамдағы көшбасшылық рөлін нық ұстап келеді. Елбасының өміршең идеяларының алтын арқауы – Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу, «Мәңгілік ел» болу жолында рухани даму сияқты маңызы зор жасампаздық бағыттарын жүзеге асыру.
Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев съезд барысында алда жүргізілетін сая­си реформалардың негізгі бағыттарын таныстырады. Яғни, даму жолындағы дара бастамалар саяси элитаның ортақ талқысына салынып, көп­шіліктің пайымды пікірлері де ескеріледі деп күтілуде. Еліміздің стратегиялық даму бағытының басымдықтары ай­қын­­далып, ел экономи­ка­сының одан әрі өркендеуі мен халықтың әлеуметтік-тұр­мыстық жағ­да­йын жақсарту мә­селелері де күн тәртібінен табылмақ. Әрине, бүкіл отандастарымызбен қатар біздің Сыр өңірінің ардагерлері де осы беделді партия форумының келешекке бағытталған шешім­дерінен үлкен үміт күтіп, зор сенім артады.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
27 ақпан 2019 ж. 557 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930