» » » Оралхан Бөкейдің кітабы ағылшын тілінде шықты

Оралхан Бөкейдің кітабы ағылшын тілінде шықты


Қазақтың біртуар қаламгері Оралхан Бөкейдің «Кісі киік» атты кітабы ағылшын тілінде жарыққа шықты. Жуық арада туындының тұсаукесері Лондонда өткізіледі. 
Халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті, белгілі публицист Бигелді Ғабдуллиннің бастамасымен соңғы бірнеше жылда «Біз – қазақтармыз…» атты жоба басталып, жоба аясында қазақ классиктерінің туындыларын АҚШ пен Ұлыбританияда ағылшын тіліндешығару жұмысы қолға алынған.

«Осы уақытқа дейін Қазақ ПЕН клубы демеушілердің көмегімен ағылшын тіліне Мұқағали Мақатаевтың «Таңдамалы өлеңдері», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Олжас Сүлейменовтың «Код слова», Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», Герольд Бельгер мен Смағұл Елубайдың кітаптарын жоғарыда аталған елдерде басып шығарған. Жуықта Алматыдағы «Идан» баспасы қазақтың біртуар қаламгері Оралхан Бөкейдің «Кісі киік» кітабын («The man-dear and other stories») ағылшын тіліне аударып басып шығарды. Туындыны белгілі ағылшын аудармашысы Саймон Холлингсворт аударды», – дейді Бигелді Ғабдуллин.

Жуық арада аталған кітап Лондонда жарыққа шығады. Ал ағылшын тіліндегі Оралхан Бөкейдің кітабының тұсаукесері Астана қаласындағы Марриот қонақ үйінде 23 ақпан күні сағат 11:00 уақытында өтеді. ПЕН клуб алдағы уақытта қазақ қаламгерлерінің кітаптарын ағылшын тіліне аударуды жалғастырмақ.


Дереккөз: kazinform.kz
08 ақпан 2018 ж. 1 039 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930