Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы
Жаңадария ауылдық модельді кітапханасы мен №203 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы" атты таным сағатты өткізілді. Шара барысында "Ой маржаны – кітапта" атты кітап көрмесі қойылды. Таным сағатта слайд көрсетіліп, "Кім тапқыр" ойыны ойнатылды жəне оқушылар кітап туралы көріністер қойды. Іс-шара барысында кітапханашылар кітапхананың тұрақты оқырмандарын марапаттады. Ардагер ұстаз Жақсыбай ата, әкімшілік қызметкері Эльмира Еркінбаева, 203 орта мектеп директоры Ерлан Жусупбеков, 203 орта мектептің тəрбие іс- жөніндегі орынбасары Нұрсұлу Торақбаева кітап күнімен құттықтап сөз сөйледі. Ауыл ақсақалы Берікбай Айназаров жастарға батасын берді.
Шараның мақсаты – білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.