КӨКПАР –БАТЫРДЫКІ, ТОЙ –АҚЫНДЫКІ
Ауылдың қара домалақ баласы болған соң ұлттық құндылықтарға деген құлшыныс өзгелерге қарағанда тым бөлек. Оның ішінде еліміздің елдігін, көңілдің кеңдігін, адамның ептілігін танытатын сан алуан ұлттық ойындар дегенде делебеміз қозады соның бірі – көкпар. Әсілінде, көкпар десе арқасы қозбайтын қазақ кемде кем. Ауыздығымен алысқан тұлпарға аяқ артып атшабар алаңында көк серкені тақымдап, делебең қозып шапқанға не жетсін, шіркін. Қазақ «Көкпар – батырдыкі, той – ақындыкі» деп бекер айтсапа керек-ті.
Ғалымдардың ғылыми еңбектерінде айтылғанындай жылқы сияқты текті жануар қазақ даласында алғаш қолға үйретілген көрінеді. Ертеде біздің батыр бабаларымыздың ең сенімді серігі ретінде талай сәйгүлік аңызға айналды. Өзімізге тән Алпамыстың – Байшұбары, Қобыландының – Тайбурылы, Ер Тарғынның – Қарақасқасы, Ақан серінің – Құлагері сынды тұлпарлар әдебиетімізде тектен текке айтылмаса керек. Айта берсең, бұл жануардың тектілігі таусылмайды. Ішсе қымыз, жесе ет, мінсе көлік. Не деген текті жануар десеңізші.
Ұлттық ат спорты ойындарының бірі көкпар машақаты көп. Баһадүр Б.Момышұлы « көкпар ер жігітті батырлыққа, төзімділікке, ептілікке, күш жігерін қалыптастыруға, ат үстінде мығым отыруғабаулиды» деп бекер айтпаса керек. Қайнап жатқан қалың дода арасынан суырылып жеке дара шығу оңай шаруа емес. Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайды. Оны мықты жылқы мен жігіттің серісі ойнайды.
Ол әрбір жігіттің намысын жаниды. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Жаугершілік замандар көкпардың қыр сырын жетік білген батырлар соғыс алаңында ешкімге есе жібермеген. Уақытысында «Гиганттың бiр тартары» атанған, есімі облысымызға белгілі болған көкпаршы Серік Бекманов бізбен әңгімесінде бұл жөнінде былайша ағынан жарылды.
–Бұл ойында жүріп аяқты да қолды да сындырдық, деп бастады әңгімесін Серік ағамыз. Екi рет естен танып қалып, қалың доданың арасында ес жидым. Бiрақ астымдағы атым сүрiнiп кетiп құлағаным болмаса, өздiгiмнен ер үстiнен ауып қалған кезiм жоқ. Жас күнiмде көрші ауылдан да кеп шабатын еді. Бірде Сыр өңірінде үлкен көкпар-той өтетін болды. Оған облыстың түкпір-түкпірінен атағынан ат үркетін небір шабандоздар келді. Мықты көкпаршылары тақымымнан серкенi жұлып алған емес. Қолыма серкенiң сирағы iлiнсе, менiң тақымыма басылатын. Жұрттың «Гиганттың бiр тартары», «тақымы қатты» деп атап кеткенi сондықтан шығар. Ағамыздың айтуынша, атты ерекше күтіммен баптайды. Жылқының күтімі дұрыс болмаса көкпарда бағың байланып, қолың жүрмейді. Көкпаршы додаға осал ат мініп шаппайды. Өйткені, ат пен үстіндегі адамның екеуара үйлесімі болмаса еңбегің еш болады екен.
Көкпаршы өзінің тақымындағы атын таза бидай беріп асырайды. Тұнық сумен суарылған жасыл- жонышқаның көгін ғана береді. Қысы-жазы жабулап ұстайды. Сиыр су ішкен ыдыспен ат суармайды. Ат жаздың 40 күн шілдесінде, қыстың сықырлаған аязында қолда жем шөпте тұрады дейді. Ағамыз қазір алпыс жаста болса да ауыл жастарына батасын беріп өзі көкпардың үнемі басы қасында жүреді. Әлі күнге дейін аттың үстінен түскен емес. Қазіргі таңда ұлттық ойын жиі-жиі ұйымдастырылып келеді. Үлкен астар мен жиын тойларда көкпар беру дәстүрі қалыптасты. Қанымызға сіңген өнер тек бізге ғана емес, бүкіл түркі әлеміне ортақ. Ұлттық ойын елдің құрыш қолды ұландарын күшін сынауға таптырмас сәт. Көкпар – мықтылар ойыны. Дода кезінде аттан құлап немесе атпен бірге жығылатын жағдайлар жиі кездеседі. Тіпті жарақат алатын кезің болады. Осының барлығына шыдауың қажет. Сондықтан кез келген жас көкпаршы болуға құлшына қоймайды. Қазіргі балалардың көбі әлжуаз. Алғашқы күні аттан құласа, оған мүлде жоламай кететіндер бар. Ал көкпаршы боламын дегендер жығылса да, жарақат алса да қаймықпай қайта келеді. Осындай балалардан ғана мықты көкпаршы шығады. Өйткені, додаға түсу үшін, алдымен жарамды ат, екіншіден жүректі жігіт керек. Ал шеберлік бірте-бірте шыңдалады, – дейді Серік ағамыз ағынан жарылып.
Елішілік жарыстарды айтпағанда, өткен күзде Астана төрінде тұңғыш рет көкпардан Азия ашық біріншілігінің болды. Бұл осы айтулы өнер өрісінің кеңейгенін аңдатса керек. Қазір көкпар бәсекесіне төрткүл дүние көз тігіп отыр. Бағзы заманнан бері батыр бабалардан мирас болған асыл өнербүгінде дамып жатыр. Көкпардың ер-тұрманы реттеліп, екі тізгін, бір шылбыры шын жанашыр азаматтардың қолына берілді.
Атадан аманат болған ойынды насихаттап жаңғыртып, ұрпаққа мирас ету бәрімізге парыз. Көкпарды өз деңгейінде насихаттай алсақ, қазіргідей адам естісе шошитын жігіттердің қатары азаяреді. Сонымен бірге серкені тақыммен емес, тіл мен сөздің тартысына айналдырып айналдырып, еншілеп алғысы келетіндер бар екендігі жанымызға батады. Қазір мал-жаны араласып көрші отырған ауыл тұрғындары аптасына 2 рет көкпар шабады. Бүгінде осынау ұлттық ойындарға ерекше назар салып келеміз. Жер бетінде қазақ барда ұлттық ойындар ұмытылмайды.
Айдархан ӘБДІҚАДЫРОВ,
ҚМУ-дің IV курс студенті.