» » » ОРАЗА – ЖАННЫҢ АЗЫҒЫ, ТӘННІҢ ШИПАСЫ

ОРАЗА – ЖАННЫҢ АЗЫҒЫ, ТӘННІҢ ШИПАСЫ


17 мамыр мұсылмандар үшін қасиетті болған Рамазан айы басталады. Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...» деп оразаның қадірі мен қасиетін баяндаған. Исламның бес парызының бірі болған оразаның осы айда орындалатыны да сондықтан. Ораза жан мен тәнді рухани тазартатын үлкен сабыр мектебі. Ендеше, қасиетті айда жасалатын құлшылық төңірегінде көп туындайтын сұрақтарға жауап алу үшін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, исламтанушы Элмира Бұхарбаеваны әңгімеге тартқан болатынбыз.
– Элмира Серікбайқызы, ең алдымен ораза ұғымына түсінік берсеңіз?
– Ораза араб тілінде «саум» деп аталады. Саум сөзінің тілдік мағынасы барлық нәрседен тыйылу деген ұғымды берсе, шариғаттағы мағынасы – таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ниетімен ішіп-жеуден және төсек қатынасынан тыйылу дегенді білдіреді.
– Дінімізде оразаның үкімі қандай?
– Рамазан айындағы ораза балиғатқа жеткен әрбір ер мен әйел мұсылманға парыз. Намаз сияқты ол да жекелей парыз етілген ғибадат болғандықтан біреу үшін біреу ораза тұта алмайды. Алла Тағала Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 183-аятында: «Уа, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғы үмметтерге ораза парыз етілгендей, сендерге де парыз етілді. Бәлкім сақтанарсыңдар. Санаулы күндерде», – деген.
– Оразаның ниеті мен уақыты жайлы айтсаңыз?
– Ниетсіз ораза дұрыс болмайды. Кез келген оразаны тұтудан бұрын жүрекпен ниет етілуі тиіс. Әбу Ханифа мазхабы бойынша Рамазан айының басында ниет ету сол қасиетті ай үшін жеткілікті болып есептелінеді, қаласа күнделікті ниет етуге де болады. Ешқандай ниетсіз күні бойы аш жүру оразаға жатпайды. Ал оразаның уақытына келсек, сəресі таң намазының уақытына дейін болады да, ақшам намазының уақытында ауыз ашылады.
– Рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат етілген себептер қандай?
– Тек төмендегідей шариғи себептер болғанда ғана ораза тұтпауға болады: Ауыруының айығуынан үміт жоқ, үнемі дәрі немесе уколға сүйенетін, ораза ұстаса денсаулығына зиян келетін науқастар, Ораза тұтуға әл-қуаты жетпейтін қарт кісілер. Алайда, оразаның сауабын алу үшін фидия төлеуі тиіс. Фидия дені сау адамға жүрмейді.
– Фидия деген не?
– Құранда Алла Тағала «Бақара» сүресінің 184-аятында: «бір міскіннің тамағын берсін» деген. Яғни, фидия дегеніміз бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең, яки кешке тамақтандыру. Оны ақшалай да беруге де болады. Оның мөлшерін әр елдің мүфтияты нарыққа байланысты белгілейді. Фидия беруге шамасы келмеген кісі Алладан кешірім тілейді.
– Ал, қандай жағдайда ораза ұстауға рұқсат жоқ?
– Етеккірі келген (хайыз) және босанғаннан кейін қан көрген әйел (нифас) ораза тұтпайды. Бірақ, сол күндерінің қазасын міндетті түрде өтейді.
– Оразаны тағы қай кезде қаза қылуға болады?
– Алла Тағала Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 185-аятында: «сендерде кім Ораза айында болса ораза ұстасын, ал, біреу науқас не сапарда болса басқа күндерде санын толтырып ораза тұтсын» деген. Машақатты сапардағы жолаушы және науқастанған мұсылман оразасын қаза қыла алады. Сондай-ақ, жүкті немесе емізулі баласы бар әйел өзінің және баласының дансаулығынан қауіптенсе ораза тұтпауына рұқсат. Алайда, бұлардың барлығына қазасын өтеу парыз.
– Ораза қай кезде бұзылады?
– Жын тисе, талып қалса ораза бұзылады. Сондай-ақ, сəресі мен ауызашар уақытын шатастырса, дəрет алып немесе жуынып жатқанда мұрын, ауыз, құлаққа байқаусызда су кірсе, құлағына дəрі тамызса, укол салдырса, төсек қатынасына түссе тұтқан оразасы бұзылады. Бұндай жағдайларда тек күнге күн қазасын тұтады. Ал, бұлардың оразаны бұзатынын біле тұра істесе жазасын өтейді. Төсек қатынасы жайында толықтап айтып өтетін бір мәселе бар. Кей кісілер Рамазан бойы жыныстық қатынастан шектелу керек екен деп ойлап, сол үшін ораза тұтудан бас тартып жатады екен. Бұл жайында Жаратушы Иеміз Құранда «Бақара» сүресінің 187-аятында былай дейді: «Оразаның түнінде əйелдеріңе жақындасу сендер үшін рұқсат етілді. Олар сендерге, сендер оларға киімсіңдер...».
– Жаза қалай өтеледі?
– Оразаны әдейі бұзу каффарат деп аталады. Ол үлкен күнә. Рамазаннан кейін сол бір күніне 60 күн ораза тұтуы тиіс.
– Ұмытып ішіп, жеген кісінің оразасы бұзыла ма?
– Иә, бұзылады. Ұмытып ішіп жеген кісі ораза екенін есіне түсіре салысымен аузын шайып, Рамазанның құрметі үшін оразасын соңына дейін жалғасытруы тиіс. Кейін бір күн қазасын өтейді. Ал, есіне түскеннен кейін де жалғасты ішіп, жеген кісі сол бір күн үшін екі ай каффарат оразасын тұтуы парыз.
 Қатты шөлдеген адам сумен аузын шайса бола ма?
– Болады. Судың тамаққа кетуінен сақ болу керек.
– Оразаны бұзбайтын жағдайлар қайсы?
– Қажеттілікке байланысты, яғни ауыру себебімен немесе шұғыл қан қажет болған жағдайда қан алдыру, аузы толмай құсу, салқындау үшін жуыну, сақал-мұртын майлау, аузын шаю, тісін мисуакпен тазалау оразаны бұзбайды.
 Түкірік, сілекей жұтуға бола ма?
– Иә, болады. Мұсылман үшін кез келген жерге түкіру əдепсіздік. Ал ауызда əр сəт сайын бөлінетін сілекейді жұту оразаны бұзбайды. Алайда сілекейді ауызға жинап, көп мөлшермен жұтуға болмайды.
 Ауыз бекіткен кісілер бет сүйісіп амандасудан бас тартып жақтады. Беттен сүю оразаны бұза ма?
– Жақындарын, некелі жарын, баласын сүйгеннен ораза бұзылмайды. Тек ерлі-зайыптылар сезімге ерік бермеуі тиіс.
– Сəресіге ұйықтап қалған адам не істейді?
– Сəресіге ұйықтап қалған кісі сол күнгі оразасын жалғастырады. Өйткені ораза басталғанда Рамазан айына толық ниет етілетіндіктен сол күнгі оразасы қабыл болады. Алайда, бұдан сəресіні ішпей, рамазан айы алғаш басталған күні бір айға ниет етсе жеткілікті екен ғой деген қате түсінік туындамауы керек. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «сəресіде береке бар, бір жұтым су болса да ниет етіп, ауыз бекітіңдер» деген сөзі бар. Сол үшін жатар кезде ниет етіп, дұға жасап жатуы және сәресіге тұруы тиіс.
– Намаз оқымаған кісінің оразасы қабыл болмайды деу дұрыс па?
– Олай кесіп айтуға болмайды. Өйткені екеуі екі бөлек ғибадат. Бірақ, намазсыз оразаның сауабы кемуі мүмкін.
– Тамақтың дәмін көруге бола ма?
– Тамақтың тұзын тексеру үшін тілінің ұшымен көріп, түкіріп, аузын шайып тастауы тиіс. Астың дәмі тамағының ар жағына кетсе оразасы бұзылады.
– Ғайбат, өтірік, боқтық сөз айтса, ұрсысса, қатты ашуланса ораза бұзыла ма?
– Ораза одан бұзылмайды. Бірақ, сауабы кемиді. Ораза тек аштық қана емес, рухани да құлшылық. Сондықтан, барлық нәпсіні тыйю керек. Осы жерде оразаның сүннеттері мен әдебін айта кеткен жөн. Ауыз бекіткен кісі бір жұтым су болса да сәресіде тұрып ішу; күн батқан соң, намаздан бұрын дереу ауызды ашу; ауызашар кезде дұға жасау, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ауызашар кезіндегі дұға кері қайтарылмайтынын айтқан; ораза ұстағандарды бір құрмамен, сумен болсын ауыз аштыру, ауызашар беру, тіпті мешітте жиналған жамағаттың бірнешеуінің болсын суын дайындап апарып берсе де үлкен сауапқа ие болады. Сондай-ақ, тіл мен басқа ағзаларды күнәдан сақтау, ілім үйрену, Құран Кәрімді көп оқу, көп салауат айту, сәресі мен ауызашарда қомағайланбау, иқтикафқа кіру (сауап алу мақсатымен мешітте түнеп құлшылық жасау) сауапқа бөлейтін амалдар.
– Ауыз бекітпеген, бірақ ораза тұтқандарға ауызашар берген кісі ораза ұстағандай сауапқа ие болады деген рас па?
– Ондай ұғым қате. Ауызашар беру өз алдына сауапты іс. Қайталап айтамын, Исламдағы бес парыздың бірі ораза әр мұсылманға жекелей парыз. Ақырет күні одан міндетті түрде жекелей сұралады.
– Ораза айында ғана берілетін бітір садақасының мəн-маңызына тоқталсаңыз.
– Бітір садақасын беру – уəжіп. Бітір садақасы рамазан айындағы қате-кемшіліктерді жуу мақсатында жəне өзінің тазалығы үшін беріледі. Ол рамазан айының соңғы күндерімен қоса айттың бірінші күніне дейін берілуі тиіс. Бітір садақасының мөлшерін әр елдің мүфтияты белгілеп отырады.
– Тарауық намазы қалай оқылады?
– Рамазан айында тарауық намазын оқу – бекітілген сүннет. Әбу Ханифа мазхабы бойынша тарауық намазы 20 ракағат оқылады. Ер кісілердің мешітке барып оқуы үйде оқығаннан әлдеқайда сауапты. Әйелдерге үйде оқыған абзал. Тарауықты оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі. Рамазан оразасы – парыз ораза.
– Исламда оразаның неше түрі бар?
– Оразаның парыз, уәжіп, сүннет, мұстахап, мәндүп, мәкрүһ сияқты 6 түрі бар.
– Жеке-жеке тоқталсаңыз.
– Парыз ораза балиғатқа жеткен әрбір ер мен әйел мұсылманға жекелей парыз етілген ғибадат. Оған Рамазан айындағы ораза және оның қазасы мен каффарат (жаза) оразасы жатады. Ол ешуақытта мұсылманның мойнынан түспейді және ақырет күні міндетті түрде жекелей сұралады. Белгілі бір уақытта немесе кез-келген бір күні тұтамын деп Аллаға нәзір (серт) етіп тұтқан ораза уәжіп оразаға жатады. Оның қазасын өтеу де уәжіп болады. Парыз бен уәжіптен басқа оразаның барлығы нәпіл ораза болып есептелінеді. Жоғарыда айтқан сүннет, мұстахап, мәндүп оразаларды осы нәпіл оразаға жатқызамыз. Нәпіл оразаға Дәуіт Пайғамбардың күнара тұтқан оразасы, Пайғамбарымыз Мұхаммедтың (с.ғ.с.) дүйсенбі және бейсенбі күні тұтқан оразасы және әр айдың 13, 14, 15-күндері тұтылатын ораза; қажылықта болмаған мұсылман тұтатын Арафа күнгі ораза; Шағбан айындағы ораза жатады. Сондай-ақ, мұхаррам айының 9,10,11-күндері тұтылатын ораза. Ашура күнінің бұл оразасын үш күн толық ұстамаған жағдайда яһудилерге ұқсамау үшін мұхаррам айының тоғызы, оны немесе оны, он бірі екі күн тұтқан дұрыс. Бұлардан бөлек, Рамазан айы біткеннен кейінгі шәууәл айындағы 6 күндік ораза. Бұл оразаны сол айдың ішінде қалаған күндерінде ұстауына немесе үзбей 6 күн тұтуға болады. Бірақ ораза айт аяқталысымен дереу жалғастырып тұтқан абзал. Қаза, нәзір, т.б. оразаларды осы күндерде тұтса да сол сауапты ала алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза тұтқанмен бірдей» деген.
– Рамазан айының оразасын тұтпастан шәууәл айындағы 6 күн оразаны ғана тұтқан кісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай бір жыл бойы ораза тұтқандай сауапқа ие бола ала ма?
– Алла Тағала Құранда «Әнғам» сүресінің 161-аятында былай дейді: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі». Ғалымдар шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы отыз күн мен шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, үш жүз алпыс күнді құрайды. Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да шәууал оразасын ұстауына болады. Алайда, олар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүйіншілеген бір жылдық оразаның сауабын ала алмайды. Өйткені Рамазан оразасы – парыз. Оны ұстамау – үлкен күнә. Ал, шәууәл айының оразасы нәпіл оразаға жатады. Оны Ораза айтының екінші күнінен бастап ұстауға болады. Бірақ, Рамазан оразасының қазасы бар кісі қарызын өтеген соң ғана шәууәл айының оразасын тұтқаны дұрыс.
– Ал, мәкрүһ ораза дегеніміз не?
– «Мәкрүһ» сөзі жағымсыз деген мағынаны білдіреді. Яғни, мәкрүһ амалды істеген кісі күнә арқалайды. Мәкрүһ ораза тахриман және тәнзихан болып екіге бөлінеді. Ораза айтының бірінші күні, құрбан айттың төрт күні және зұлхижжа айының 11, 12, 13-күндері ораза тұтуға тыйым салынған. Яғни бұл күндері ауыз бекіту мәкрүһ тахриман оразаға жатады. Ал, ашура күні бір күн ғана ораза тұту, бүгінгі күннің оразасын екінші күнге ауыз ашпастан жалғастыру, тек сенбі немесе жексенбі күні ғана ораза ұстау тәнзихан мәкрүһ ораза болады. Сапар қиындығына қарамастан ораза тұтқан жолаушының және күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза тұтқан әйел кісінің орасазы да мәкрүһ оразаға жатады. Сондай-ақ, қажылардың әлсіреп қалмауы үшін тәруия және арафа күні ораза ұстау мәкрүһ етілген. – Тек сенбі немесе жексенбі күні ғана ораза ұстау мұсылмандарға не үшін мәкрүһ етілген? – Өйткені яһудилер тек сенбі күні, ал христиандар жексенбі күні ғана ораза ұстайды. Мұсылмандардың соларға ұқсамауы үшін тек бұл кұндері ораза тұту мәкрүһ етілген. Бірақ, жалғастырып ұстап келе жатқан қаза немесе уәжіп, нәпіл оразалар бұл күнге сәйкес келген жағдайда тұтуына болады.
– Қасиетті Рамазан айы барша мұсылманға мүбәрак болсын! Әңгімеңізге рахмет!
– Әмин! Жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Сұхбаттасқан Майгүл СҰЛТАН, «Егемен Қазақстан»

egemen.kz
15 мамыр 2018 ж. 10 241 540

order prescriptions от 3 сәуір 2022 10:27

discount pharmaceuticals от 3 сәуір 2022 17:24

eekoko от 29 сәуір 2022 00:38
cvs viagra cost per pill low cost viagra

top canadian pharmacies от 5 мамыр 2022 06:19

express pharmacy от 18 мамыр 2022 02:38

cheap meds no prescription от 18 мамыр 2022 20:51

canadian drug stores от 19 мамыр 2022 11:58

prescription drug prices от 20 мамыр 2022 09:44

prescription drug pricing от 22 мамыр 2022 02:52

prescription prices от 26 мамыр 2022 15:11

canada rx от 29 мамыр 2022 08:16

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930