» » » МӘМС – ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

МӘМС – ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Бұл бастаманың артықшылықтары неде? Осы және басқа да сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев жауап береді.

– Руслан Фаризунович, МӘМС дегеніміз не? Қандай мөлшерде аударымдар, әлеуметтік-әлсіз санаттағы халық медициналық қыз­меттермен толық қамтамасыз етілетін болады ма?
– Егер қазақстандықтардың денсаулық жағдайын зерттесе, біз бүгін жақсы динамиканы көріп отырмыз. Өмір сүру ұзақтығы, ана мен бала өлімі сияқты негізгі көрсеткіштер жақсаруда. Сонымен қатар, аурулар құрылымы өзгеруде. Медициналық қызметтерді тұтыну өсуде. Бірінші орынға созылмалы аурулар шығады, бұл артериялық қысымды төмендету үшін жаңа дәрі-дәрмектерді, қандағы қантты бақылау, онкологиялық ауруларды емдеу бойынша жаңа технологияларды талап етеді және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін айтарлықтай арттыруға көмектесуі тиіс.
2018-2020 жылдарға белгіленген МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшері жұмыс берушілер (оның ішінде ЖК мен ШҚ иелері өз жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде) 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 2%, жеке тұлғалар 2018-2019 жылдар төлемейді де, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК (өзі үшін) 1,4 еселенген ең төменгі жалақыдан – 5%, АҚК негізінде еңбек ететін тұлғалар 2020 жылы айлық табысынан – 1%, 2021 жылдан бастап – 2%, өзге санаттар ең төменгі жалақыдан – 5%. Мемлекет 2020 жылы жеңілдігі бар санаттар үшін мемлекеттік статистика органы тарапынан өткен 2 жылға бекітілген орташа айлық жалақының 1,4% көлемінде жарна аударады), жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлердің табысынан алынатын жарнаны ұстап қорға аударып отырады (2020ж – 1%, 2021ж – 2%).
Сонымен қатар, жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер азаматтардың әлеуметтік осал топтарына жататын қызметкерлер үшін төлемдерден босатылды. Олар үшін (бұған балалар, жұмыссыздар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, зейнетақы төлемдерін алушылар, соның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және басқалар кіреді. Барлығы 15 санат) 2020 жылдан бастап ай сайын мемлекет аударып отырады.
– Жұмыс беруші зейнеткер немесе мүге­дектер үшін аударымдарды төлеу керек пе?
- Олар үшін жұмыс беруші шегерімдер жасамайды. Сонымен қатар, егер жеке кәсіпкер мемлекет төлейтін жеңілдікті санаттардың біріне кірсе, ол төлемдерден босатылады.
– Медициналық сақтандыру қорына тө­лем 2017 жылдың 1 шілдесінен басталды. Қызылорда облысы бойынша қанша қаражат жинақталды?
– Республика бойынша жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарна­ларының жалпы сомасы 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін 157,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша – 4,5 млрд.теңге. Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95,5 % немесе 4,3 млрд. теңгесі жұмыс берушілерге, 4,5 % немесе 159,5 млрд. теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы еңбек ететін санатқа тиесілі.
– Аймағымызда қанша медицина ұйымы Қор­мен келісім-шартқа отырған?
– Бүгінгі күні 91 медициналық ұйым тіркелген, олар­дың 32-і мемлекеттік, 59-ы жеке. 2018 жылмен салыстырғанда жеке медициналық ұйымдардың саны 12 пайызға артты. 2019 жылы филиал 74 облыстық медициналық ұйымдармен 41 757 640,8 мың теңгеге келісім-шарт жасасты. Олардың ішінде 20 бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша, 23 стоматологиялық клиникалар бар.
– Қандай медициналық қызметтер тегін медициналық кепілденген көмектің пакетіне енгізілген, яғни барлық азаматтарға қол жетімді? Сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС пакетіне не кіреді?
– 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қор тегін медициналық кепілдендірілген көмектің операторы және медициналық қызметтер үшін бірыңғай төлеуші болды.
ТМККК медициналық пакеті бойынша барша азаматтарға жедел жәрдем және санитарлық авиация, бастапқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын және стационарлық көмек, паллиативті көмек көрсетіледі. Әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде консультативті-диагностикалық қызмет, амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалтуды алуға құқығы бар.
МӘМС медициналық пакеті бойынша (сақтан­дырылған азаматтарға) консультациялық-диагностикалық көмек, ересектерді профилак­тикалық тексеруден өткізу, балаларды мамандан­­дырылған деңгейде тексеру, ТМККК пакетіне кірмейтін созылмалы ауруларды динами­калық бақылау және бағасы қымбат зертха­налық қызметтер (гормондар, дәрумендер, онкомаркерлер, антиденелер, ПЦР), бағасы қымбат диагностикалық қызметтер (КТ, МРТ т.б.). Бұдан басқа, ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын көмек көрсету, жоспарлы стационарлық көмек көрсету. Балалар мен ересектерге кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология, ортопедия салалары бойынша медициналық оңалту.
– Вакцинациялар медициналық қызмет көрсетулердің пакетіне енгізіле ме?
– Профилактикалық егулер мемлекеттің барлық азаматтарына тегін медициналық кепілденген көмектің пакетіне енгізілген.
– Маусымдық жұмыстарда істейтін тұрақты табысы жоқ азаматтар Қорға жарнаны қалай төлейді?
– Ресми жұмысы мен тұрақты табысы жоқ азаматтар үшін бір ең төменгі жалақыдан 5% мөлшерінде жарналарды дербес төлеп, медициналық сақтан­дыруды алу мүмкіндігі бар. Маусымдық жұмыс барысында жалақы болған кезде жұмыс берушілер қызметкерлерге есептелген кірістің 1,5% – ын, 2020 жылдан бастап -1% - ын аударуға міндетті.
– Өз бетінше жұмыспен айналысушылар­ды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы қалай қамту керек, егер олар жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркелмеген болса, бірақ табыс табады. Мысалы, үйде тағамдарды жасап сатады, тігу өнерімен айналасады және т. б.
– 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірың­ғай жиынтық төлем енгізілді. Бұл жеке қосалқы шаруашылық қызметкерлері, отбасылық кәсіп­орындардың ақы төленбейтін қызметкерлері және қызметкерлері жоқ кәсіпкерлер сияқты санаттарға арналған. Яғни адам бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын төлей отырып, МӘМС жүйесіне қатыса алады. Оның мөлшері Республикалық маңызы бар қалалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш (2 525 теңге), басқа елді мекендер үшін (аудан, ауыл және т.б.) – 0,5 АЕК (1 263 теңге).
– Медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін МРТ, УДЗ, онкомаркерлер, гормондарға арналған талдаулар және т. б. сияқты қымбат тұратын диагностикалық және зертханалық қызметтер қолжетімді бола ма?
– Иә, сақтандырылған азамттарға диагнос­ти­калық және зертханалық қызметтер қолжетімді болады және МӘМС жүйесінің пакетінде. 2020 жылдан бастап учаскелік дәрігерлердің медициналық жолдамасы негізінде бұл аталған қызметтерді ала алады.
– Қандай стоматологиялық қызметтерді тегін алуға болады?
– ТМККК тізіміне балалар мен ересектерге шұғыл стоматологиялық көмек (жіті ауырсыну), ауыруды басу, препараттау және химиялық қатайтудың композиттік материалдарынан жасалған пломба салу, ауыруды басатын тісті экстракциялау және т. б. түрі.
– Мысалы, адам демалыс немесе іссапар кезінде ауырып қалды. Оған елдің барлық аумағында немесе тұрғылықты жерінде қажетті медициналық көмек көрсетілді ме?
– Шұғыл жағдайларда медициналық көмек бекітусіз және жолдамасыз көрсетіледі. 2020 жылдан бастап МӘМС пакеті шеңберінде медициналық қызметтер Қазақстанның барлық аумағында жоспарлы түрде көрсетіледі. Көрінетін медициналық ұйымдар міндетті түрде әлеуметтік медициналық қормен келісім-шартпен жұмыс атқаруы қажет.
– Азамат сақтандыру бойынша елден тыс жерде тегін емделе ала ма?
– Жоқ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көрсетілген медициналық қызметтерді тек ҚР аумағында төленім жасайды.
– Егер студенттер диплом алғаннан кейін жұмысқа орналаспаса қайтеді?
– Бұл жағдайда оқу орнын бітіргеннен кейін жас маман жұмыссыз ретінде тіркелуге немесе төлеуші ретінде жарна аударуға тиіс.
– Шетел азаматтарына медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?
– ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, сондай-ақ оралмандар МӘМС жүйесінде Қазақстан азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және міндеттерді атқарады. ҚР тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар емханаға тіркелуге тиіс.
– 2020 жылы МӘМС пакетін енгізе отырып, ЭКО қызметтері қолжетімді бола ма?
– Иә, ЭКО қызметтері ТМККК және МӘМС пакеттерінде қарастырылған.
– МӘМС жүйесінде тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету қарастырылған ба? Егер, мысалы, дәрігер тағайындаған препараттар болса, онда өтеуге болады ма?
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ­тау министрінің 88 "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" бұйрығымен бекі­тілген ТМККК шеңберінде Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың, оның ішінде азаматтардың жекелеген санаттарының амбулаториялық деңгейдегі тізбесіне сәйкес. Тегін дәрі-дәрмек беру рецептілерін учаскелік дәрігер немесе айғақтар бойынша бейінді маман жазып береді. Нысанды толтыру үшін пациент жеке куәлігін ұсынуы қажет. Бұдан әрі, дәрі-дәрмек беріледі мемлекет есебінен рецептісі бойынша белгілі бір дәріханада мекен-жайы көрсетілген емханада тіркелген азамат ала алады.
– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халық жеке зертханаға жүгінген кездегі анализдерге кеткен шығындарды төлей ме?
– Тек қормен келісім-шарт жасаған мекеме болса және анализдерге міндетті түрде емхана, стационардың жолдамасы арқылы, егерде қордың дерекқорына енгізіп қойған мекеме болса, онда емхана жолдама беру арқылы емхана ұйымы арқылы қаржыландырады.
– Бір жыл ішінде медициналық ұйымдарға жүгінбейтін жұмыскерлерге төленген аударымдар қайтарыла ма?
– Жоқ, аударылған сомма басқа сақтандырылған азаматтарға, яғни медициналық қызметке мәж­бүр­ болып тұрғандардың шығындарын өтеуге жұм­са­лады.
– Жеке кәсіп қызметі тоқтатылған жағдайда МӘМС үшін ақша аудару керек пе?
– ЖК қызметін тоқтата тұру кезінде азамат жеке кәсіпкер санатынан басқа тұлғалар санатына ауысады, олар 1 ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жарна төлейді. Егер бұрынғы немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкер халықтың жеңілдікті санаттарының тізіміне жататын болса, онда ол үшін жарналарды мемлекет 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап төлейді. Бұл жағдайда жеке кәсіпкердің өзі төлеуге міндетті емес.
– Үйден шықпай-ақ өзінің әлеуметтік мәртебесін МӘМС жүйесінде қалай білуге болады?
– ҚР Электронды үкімет порталында азаматтар өз әлеуметтік мәртебесін тексере алады (egov.kz ескерту). Сайтқа электрондық сандық қолтаңба арқылы кіруге болады. МӘМС бойынша мәліметтер "міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" жеке кабинетінің бетбелгісінде қолжетімді. Егер азамат ретінде тіркелмеген болса ЖК немесе қызметкердің "Мәртебесі анықталған жоқ" деген хабарлама шығады. Сондай-ақ әлеуметтік мәртебені анықтау кезінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы жарналар мен аударымдарды кім жүргізетіні туралы ақпарат шығарылады.
"Тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар", яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер, мәртебесі анықталған тұлғалар 2017 жылғы 1 шілдеден бастап МӘМС жарналарын өз бетінше төледі. Ай сайын ең төменгі жалақының екі еселенген мөлшерінен 5%. 2018-2019 жылдары ЖК өзі үшін жарна төлемейді, бірақ, жұмыс берушілер ретінде өздерінің жалдамалы қызметкерлері үшін аударымдарды төлеуді жалғастырады және ай сайынғы жарналар 2017 жылғы шілдеден бастап 1% - ды, 2018-2019 жылдары - 1,5% - ды, 2020 жылдан бастап-2% - ды құрады.
"Әлеуметтік төлемдерді алушы" және "18 жасқа дейінгі балалар" мәртебесі белгіленген адамдар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы жарналар мен аударымдарды 2020 жылдан бастап мемлекет төлейтін болады. Азаматтардың жеңілдікті санаттарының толық тізімін fms.kz сайттан қолжетімді негізде көре аласыздар.
Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, сіз МӘМС қатысушысы болып табылатын құжатты ала аласыз.

Сұхбатты жүргізген Ерлан СОЗАҚБАЕВ.
09 маусым 2019 ж. 1 326 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930